«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДІНИ ҚЫЗМЕТКЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Амандық ЖАНТЕМІРОВ,  

“Қызылжар” мешітінің

баспасөз хатшысы.

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы, “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Кенжетай Дүйсенбай Петропавл қалалық “Нұр” мешітінің қызметкері Қанат Қасымовты зейнет жасына толуымен құттықтап, иығына шапан жапты.

Аққайың ауданындағы Қанжығалы ауылының тумасы Қанат Едресұлы облыс орталығына қоныс аударған алғашқы жылдары осындағы қорғаныс зауыттарында, кейін “Союзцелинвод” тресінде еңбек етті. Сөйте жүре “Қызылжар” орталық мешітінде Түркиядан келген ұстаз қари Тақсин Дұғаннан сабақ алып, арабша тіл сындырып, Құран аяттарын жаттады.

Осылайша сауат ашу курсын толық тамамдаған Қанат Қасымов қалған өмірін дін жолына арнауға бел буды. Оған да, міне, он төрт жылдай уақыт болып қалды. Қазір Қанат Едресұлы діни рәсімдерді өткізуге белсене араласады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp