«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДӘУРЕН ЕСЛӘМОВТЫҢ “КҮМІСІ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Ақтөбе қаласында қазақ және грек-рим күресінен спорт шебері, елімізге белгілі балуан Зейнолла Төлетаевтың 65 жасқа толуына орай халықаралық жарыс өтіп, оған мерейтой иесінің досы, Кеңес Одағының Құрметті спорт шебері Жамбыл Тасеменов пен балуан Дәурен Есләмов арнайы шақырылғанды.

– Мен Зейнолламен өзіміздің қаламызда, бүгінгі М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру факультетінде оқыған кезінен дос едім. Ақтөбелік осы жігітпен Виктор Виктің қарамағында бірге жаттықанбыз. Әдіс-айлаға шебер, төзімді балуан болатын. Спорт шебері атағын иеленген. Мерейтойына шақырған соң өзімнің шәкіртім Дәурен Есләмовты жарысқа ала бардым. Жігітіміздің жолы болды, – деді Жамбыл Серғазыұлы.

Ақтөбе кілемінде қазақ күресінен 90 килограмға дейін белдесуге шыққан Есләм алдымен сол жердің балуанын ұтыпты.

Ал бұл салмақта он бес үміткер болған екен. Жерлесіміз Қызылордадан, Оралдан, Өзбекстаннан келген қарсыластарын таза жеңіп, ақтық белдесуге тағы бір қызылордалықпен шығады. Қарсыласы – 2012 жылы Иранда өткен әлем чемпионатының алтын жүлдесін еншілеген атақты балуан Айбек Серікбаев. Сонымен жерлесіміз Қызылжарға күміс жүлдемен оралды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp