«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КОЛЛЕДЖ ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі оқу жылының соңына қарай мектеп оқушыларына арналған “Ашық есік күндерін” өткізуде. Оған қаламыздың жалпы орта білім беретін №32, №23, №19, №42, №9, № 14, №6, № 8 мектептерінің оқушылары қатысты.  

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Негізін қалағанына 80 жыл толғалы отырған білім ошағы жоғары білікті мамандар даярлайды. Бүгінде оның осызаманғы технологиялармен жабдықталған 40 кабинеті, 3 компьютерлік сыныбы, 4 спорт залы, мұражайы, ату алаңы бар. Колледжде 98 оқытушы білім берсе, оның 38-і – жоғары, 16-сы – бірінші біліктілік санаттағылар.  

Жиналған қала мектептерінің оқушыларына колледждің жұмысы жайлы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алма Сәдуақасова баяндап, слайдтар көрсетілді.

 

Алма Сәдуақасованың айтуынша, колледжде оқушылардың оқып, білім алуына, мәдени және рухани демалуларына барлық жағдай жасалған. Білім ошағы есеп және аудит, құқықтану, құрылыс, технология, есептеу техникасы және бағдарламалық оқыту, тағы басқа мамандықтар бойынша оқытады. Бұл мамандықтардың барлығы нарықтық заманда сұранысқа ие. Колледждің оқушылары республика көлемінде өткізілетін түрлі сайыстарға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болады.

– Қазіргі таңда кәсіби құрылысшыларға да сұраныс артып отыр. Колледждің құрылыс бөлімшесінде оқитын студенттер мен түлектер қаламыздың тұрғын-үй құрылыс бағдарламасына да зор үлестерін қосуда. Колледж студенттеріне жатақхана ұсынылады. Әлеуметтік-серіктестік те оң жолға қойылған. “Жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша 25 студентке “Есіл су” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен сұраным түсті, олар оқу бітірген соң бірден жұмысқа орналасады, оған қоса жоғары білім алғысы келгендер Тараз қаласына жіберіледі, – деді құрылыс бөлімшесінің оқытушысы Ғалия Жұмағожинова.

Студенттерді ынталандыру үшін ұшқыш-космонавт, Кеңес Одағының Батыры Александр Викторенконың атындағы шәкіртақы белгіленген. Колледжде “Жас ұрпақ” жастар ұйымы, “Болашақ” театр студиясы жұмыс істейді. Олардың жұмысы жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, өңірімізде жылдар бойы қалыптасқан тарихи-мәдени мұрамызды жастар арасында насихаттауға бағытталған.

Жиналғандарға концерттік нөмірлер де ұсынылды. Жатақхана, мұражай, колледж ішін аралап көреміз дегендерге мүмкіншілік жасалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp