«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПАРА БЕРУГЕ ИТЕРМЕЛЕГЕН қаржы полицейлері жазаға тартылғанымен, рақымшылыққа ілінді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Нұржан СЕРІКБАЕВ,

облыстық прокуратура басқармасы бастығының міндетін атқарушы.

Прокуратура қаржы полицейлерінің азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзғандығын анықтады. Нәтижесінде ҚР Бас прокуратурасының арнайы прокуроры облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің инспекторларына қатысты қылмыстық іс қозғап, оны сотқа жолдады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметкерін пара беруге итермелеген қаржы полицейлері Бейсембай Бабасов пен Андрей Мячин 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына тартылып, кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабына сәйкес, 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылғанымен, Петропавл қалалық сотының 2 сәуірдегі үкімімен рақымшылық туралы заңға орай, тағайындалған жазадан босатылды.  

Сотта белгілі болғандай, жазаға тартылғандар серіктестік жөндеп жатқан жолдың бір учаскесіне тексеріс жүргізіп, оның қызметкерін пара беруге мәжбүрлеген. Бұдан соң қаржы полицейлері ЖШС заң талабын бұзды деген сылтаумен жәбірленушіден 8 млн. теңге қаржы талап еткен. Кейін пара мөлшерін 6 млн. теңгеге дейін азайтқан. Сосын Бабасов басшылыққа рапорт жазып, жәбірленушілердің өзіне пара ұсынғанын мәлімдеген. Іле жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде қаржы полицейлері жәбірленушілердің бірін Б.Бабасовқа пара беру кезінде ұстаған. Сөйтіп, серіктестік қызметкері бұл қылмыстық әрекеттің салдарынан “аса ірі көлемде пара берді” деген заңсыз айыппен бір жылдан астам уақыт қамауда отырған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp