«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ТАРИХЫҢДЫ ҰМЫТПА! АРДАГЕРГЕ ЖӘРДЕМ БЕР!”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“КаР-Тел” ЖШС (“Beeline” СБ) Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қолдауға бағытталған “Тарихыңды ұмытпа! Ардагерге жәрдем бер!” SMS-жобасының басталғанын хабарлайды. Жобаның бастаушысы – “ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі” қоғамдық қоры.

Науқанға қатысуға ниет білдірген әрбір “Beeline” абоненті 4145 нөміріне “Есімізде!” мәтіні жазылған SMS жолдау арқылы науқанға қатыса алады. Бір хабарламаның құны – 100 теңге. Науқан барысында жиналған барлық қаражат “ҰОС ардагерлерінің, тыл еңбеккерлері және соғыс балаларының кеңесі” ҚҚ-ның шотына аударылып, ардагерлерге арнайы көмек көрсетіледі. “Beeline” науқанға техникалық қолдау көрсетуге қажетті барлық шығындарды өз мойнына алады. Жолданатын SMS көлемі шектеусіз.

“Ұлы Отан соғысы әрбір қазақстандық отбасының тағдырында өшпес із қалдырды. Отан үшін отқа түскен және жеңіс үшін жанын аямай тылда еңбек еткен жандар саны жыл өткен сайын азайып барады. Бүгінгі таңда Қазақстандағы ардагерлер саны 10 000-ға жетпейді. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен белгілі бір көлемде қаражат бөлінеді, бірақ бұл қаражат қымбат дәрілер алып емделуге және басқа да қажеттіліктерді өтеуге жете бермейді. Науқанның негізгі мақсаты – ардагерлерге көмектесу ғана емес, еліміздің еркіндігі үшін өз жандарын құрбан еткен жандар туралы олардың ұрпақтарының, яғни біздердің, жас жеткіншектердің есіне салу. Және әрбір қазақстандыққа Ұлы Жеңіс қаһармандарына алғыс білдіру мүмкіндігін сыйлау”, – деп “ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі” ҚҚ-ның атқарушы директоры Райхан Жапарханова өз ойын ортаға салды.

“Біз соғыс сұрапылы мен аталарымыздың ерлігін біздің балаларымыз әр уақытта жадында сақтағанын қалаймыз. Мобильді операторлардың техникалық мүмкіндігі әрбір адамға өз алғыстарын білдіріп, қайырымдылыққа өз үлесін қосуға мүмкіндік тудырып отыр. Науқанға үйіңізден тысқа қадам баспай-ақ қатыса аласыздар, ол үшін: қысқа нөмірге SMS жолдау жеткілікті. Ешқандай артық әрекетсіз біздің қымбатты ардагерлерімізге көмек көрсете аласыздар”, – деп “КаР-Тел” ЖШС-нің РR менеджері Анар Жұмағұлова өз пікірін білдірді.

“ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі” ҚҚ-ы қайырымдылық жобасы жұмысының тазалығы қаншалықты маңызды екенін жауапкершілікпен сезінеді. Қордың www. sovetveteranov.kz сайтынан SMS-науқан барысында жиналған қаражаттың келіп түсуінің және шығындалуының есебін көруге болады. Науқан 2013 жылғы 26 наурызда ҚР-ның барлық аймағында басталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp