Кеденге қатысты сұрағыңыз бар ма? 1412 нөмірі арқылы Call-орталыққа қоңырау шалыңыз.
ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің Call-орталығына қала нөмірі арқылы хабарласу тегін. Мұнда кез келген адам ақпарат қалдыра алады немесе кеден ісі саласында ақыл-кеңес алуына болады. Барлық сауалдарға мониторинг орталығы жауап береді. Оған кедендік бақылаудың автоматтандырылған жүйесінен барлық ақпараттар базасы біріктірілген. Бұл жүктердің қазақстандық өткізу пункттері арқылы тосқауылсыз өтуін қамтамасыз ету мақсатында жедел әрекет етуге және шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Егер қосымша талдау қажет болса, онда Сіздің қоңырауыңыз комитет сарапшыларына таратылады. Сондай-ақ 1412 нөміріне хабарласқандардың даусы автоматты түрде жазбаға түседі. Бүгінде Call-орталық туралы ақпарат барлық кедендерде, өткізу пункттері мен әуежайларда ілінген стендтерге жазылған.
Мониторинг орталығының қызметінде осызаманғы технологиялар мен бағдарламалықтехникалық құралдар пайдаланылады, соның нәтижесінде ақпаратты жедел жинауға және өңдеуге, алыста орналасқан кеден бекеттері мен өткізу пункттерінде жүргізілетін кеден операцияларынан бейнеақпараттарды дер кезінде алуға мүмкіндік бар. Аталмыш орталық кеден ісі саласындағы сауалдар бойынша кеңес жүргізіп, мынадай сипаттағы ақпараттарды қабылдайды:
– кеден ісі саласында жасалатын қылмыс, кеден органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан сыбайлас жемқорлық және заңға қайшы әрекеттері туралы;
– кеден органдарында қызмет ететін лауазымды тұлғалардың әдепсіз тәртібі туралы;
– кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді жүргізу кезіндегі бөгеу, соның ішінде кеден органдарында қызмет ететін лауазымды тұлғалар тарапынан жасанды кедергілерге орын беру туралы;
– шекарадағы өткізу пункттеріндегі кезек туралы;
– контрабанда және кеден ережелерін бұзуға тырысу немесе осындай құқық бұзушылық жасау туралы.
СҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.