«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ” КӨРІНІСТЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жылдағы дәстүр бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент облыстық Білім басқармасымен бірлесіп мектеп оқушылары арасында “Бақытты балалық шақ” суреттер байқауын өткізді.

Наталья ПОПОВА,

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің маманы,

өртке қарсы қызмет подполковнигі.

СҚО ТЖД бастығының орынбасары, өртке қарсы қызмет полковнигі Әсет Смағұловтың төрағалығымен қазылар алқасының мүшелері байқаудың қорытындысын шығарды.

Байқау ережесіне сәйкес шараға қатысушылар кіші (1-4-сынып), орта (5-7) және ересек (8-11) оқушылар топтары бойынша өз туындыларын ұсынды. Атап айтқанда, 199 сурет келіп түсті.

Қазылар алқасы Петропавл қаласының “Дарын” мектеп-лицейінің 2-сынып оқушысы Диана Абдуллинаны – кіші топта, облыс орталығының қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы Сабина Ахметжанованы – орта топта, Шал ақын ауданындағы Мерген орта мектебінің 8-сынып оқушысы Артем Норкинды ересектер тобында жеңімпаз деп тапты.

“Бақытты балалық шақ” байқауының жеңімпаздарын дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапаттау облыс аудандарының ТЖ жөніндегі бөлімдерінде жүргізіледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp