Қаржы полициясы 4 сәуір күні Қызылжар ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директорына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға бола тұрып, алаяқтық жолмен 720 мың теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырған деген күдік бар. Аталған қаражат Қызылжар ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін бөлінген болатын.
2013 жылғы 6 сәуірде Қызылжар аудандық сотының санкциясымен айыпталушыға үйде тұтқындау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің
баспасөз қызметі.