«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІЛДІКТЕР ТҮСІНІСТІК ТАНЫТТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Тотыкәмал Құлжанова Есіл ауданындағы Корнеевка ауылының тұрғындарымен кездесіп, зейнетақы жүйесін жаңғырту туралы әңгіме өткізді. Ауылдық Мәдениет үйіне ЖШС қызметкерлері, шаруа қожалықтарының жетекшілері, білім беру және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, зейнеткерлер – қысқасы, әрбір қазақстандықтың алдағы тағдырына бейжай қарай алмайтындардың бәрі жиналды.

– Біз 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын қабылдап, болашағымыздың бағдарын айқындадық. Елімізде индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру жалғасын табуда, шикізаттық емес экспорт ұлғайтылуда, әлеуметтік мәселелер шешімін табуда. Осының бәрі ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы да көреген саясатының арқасында жүзеге асырылуда, – деді Тотыкәмал Құлжанова.

Кездесу кезінде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жаңғырту мәселесіне баса көңіл бөлінді. Ондағы өзгерістер жайында айтылды.

Кездесу барысында округ тұрғындары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры туралы, әйелдердің зейнеткерлік жасын айқындаудағы сараланған көзқарас туралы сұрақтар қойды. Тұтастай алғанда кездесу ойдағыдай өтті.

Ал облыстық ақпараттық-насихат тобының мүшелері: “Қазпочта” ААҚ облыстық филиалының директоры С. Имашев, СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы М. Жалмағанбетов Ильинка мен Покровка ауылдық округтерінде тұрғындармен кездесті.

Бұл күні аудандық ақпараттық-насихат тобының мүшелері де барлық ауылдық округтерде зейнетақы жүйесін жаңғырту туралы әңгіме өткізді.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp