«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖАСМИН” ҮШІНШІ ДӘРЕЖЕЛІ ЛАУРЕАТ АТАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Южноуральск қаласында жыл сайын өткізілетін “Южно-уральск-Зальцбург” Халықаралық фестиваль-байқауы кәсіби музыканттар арасында кеңінен танымал. Себебі, дәл осы фестиваль озық жас музыканттардың әлемге танылудың алғашқы баспалдағы іспетті.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

6-шы жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған додада біздің облыстың жас таланттары да бақтарын сынап көрді. Олар: Дарья Ускова мен Карина Кадимова. №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінде білім алатын екеуі “Жасмин” атты фортепьяно дуэтін құрады. Бұл байқауға жолдама ұтып алмас бұрын, фестивальды ұйымдастырушыларға қыздардың пианинода ойнау мәнері түсірілген бейнежазба жіберілген екен. Ресейдің 88 қаласының үміт-керлері қатысқан байқауға елімізден Қостанай және біздің облыстың жас музыканттары қатысыпты.

Батысеуропалық және орыс мәдениеті өнерінің ең үздік үлгілерін дамытуға бағытталған байқауда үміткерлер Моцарт, Гайдн, Бетховен сынды марқасқа сазгерлердің туындыларын орындауға тиіс еді. Байқаудың бірінші кезеңіне 194 солист және 48 ансамбль қатысуға өтініш білдірген екен. Екінші кезеңіне 108 солист пен 25 ансамбль ғана өтті. Ансамбль аталымында өнер көрсеткен біздің “Жасмин” дуэті үшінші дәрежелі лауреат атанып, қаржылай сыйақыға ие болды. Қыздардың ұстазы Елена Кричиневская байқаудың лауреаттарын даярлағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Сурет Е.Кричиневскаяның жеке қорынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp