«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ФУТБОЛ МАУСЫМЫ СӘТТІ БАСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық футбол құрамасында елеулі өзгерістер орын алды. Бұған дейін “Қызылжар” ФК деп аталып келген солтүстікқазақстандық команданың аты да, заты да өзгерді. Бұдан былай ол “Қызыл-Жар СҚ” деген атауды иеленді.  

Команда басшылығы мен құрамында да елеулі өзгерістер орын алды. “Оқжетпес” футбол комадасын ұзақ уақыт басқарып келген Марат Оспанов клуб президенті болып тағайындалса, Аслан Исабаев спорттық директор болды. Ал команданың бас жаттықтырушысы орнына бекітілген елге танымал маман, “PRO” санатының иегері Вячеслав Ледовскийге спортшыларды жаттықтыруға алматылық Хаки Чемиров, Николай Стоякин мен Константин Ледовский көмектесетін болады.

Ал команданың мүшелеріне келетін болсақ, былтырғы жылмен салыстырғанда оның құрамы өзгерген жоқ деуге болады. Клуб басшылары отандық спортшыларды тәрбиелеуге ден қойып, сайыстарда өңір намысын жергілікті 17 былғары доп шебері қорғайтын болады.

Қолдаушы барда аянып қалмау керектігін ұғынған “қызылжарлықтар” жаңа маусымдағы кездесулерін де жақсы бастады. Мәселен, наурыздың 31-і күні “Қызыл-Жар СҚ” шымкенттік “БИИІК” командасымен ойнап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал сәуірдің 3-і күні Тараз қаласында “қызылжарлықтар” “Лашын” құрамасымен кездесті.

Екі ойынның қорытындысы бойынша “Қызыл-Жар СҚ” қоржынында – 4 ұпай. Сайыстың 3-туры сәуірдің 14-і күні Петропавлда өтеді. Жергілікті құрама Қызылорда облысының “Қайсар” командасымен кездеседі.

“Қызыл-Жар СҚ” ФК-ның баспасөз

қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp