«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЮЛИЯ МАТВЕЕВА – Абай оқуы байқауының жеңімпазы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен Абай оқуы байқауы өтті.  

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен өткен шара ұлы Абайдың өлеңдері мен әндерін насихаттау, бүгінгі ұрпақтың ақын мұрасына қызығушылығын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру мақсатын көздеді. Қазақ тілінің көркемдігін, бай қорын Абай шығармалары арқылы насихаттайтын сайыс жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл да әр ауданнан келген жастар сахнада бар өнерлерін көрсетіп қалуға тырысты. Бірінші тапсырма бойынша сайыскерлер Абайдың өлеңдерін немесе қара сөздерін, “Абай жолы” романынан үзіндіні жатқа айтты. Екінші турда Абайдың әнін немесе қазақ халық әнін орындау қажет болды. Барлық 14 қатысушының арасынан Петропавл қаласы атынан додаға түскен Юлия Матвеева бірден көзге түсті. Қазақ тілінде мүдірмей сөйледі. “Алланың өзі де рас, сөзі де рас” өлеңін нақышына келтіріп, жатқа айтып берді. “Абай жолы” романындағы Абай мен Әйгерімнің сұхбатын оқыған кезде, баршамыз оны ұйып тыңдадық.

Байқау қорытындысы бойынша Юлия Матвеева топ жарып, бірінші орынды жеңіп алды. Ол енді республикалық Абай оқуында облыс намысын қорғайтын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp