«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЗЕЙНЕТКЕРЛІККЕ ерте шығуына жеңілдіктер сақталмақшы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздегі зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарды бекітіп, ҚР Парламент Мәжілісіне қарауға жолдады. Солардың бірі әйелдердің зейнеткерлік жасын бірегейлендіру болып табылады.

Наталья МИРОНОВА,

СҚО бойынша бақылау және

тұрғындарды әлеуметтік қорғау

департаменті директорының

орынбасары.

Әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын 63-ке дейін ұзарту ұсынылғанымен, бұл үдеріс кезең-кезеңмен, жыл сайын 6 айдан қосыла отырып, 10 жылға дейін созылатын болады. Қарастырылып отырған заң жобасында әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайтуды 2014 жылдан бастау ұсынылған. Осылайша әйелдер тек 2023 жылдан бастап 63 жастан зейнеткерлікке шығатын болады.


Мысалы: 1956 жылы (1956 жылдың бірінші жартыжылдығында) туған әйел 2014 жылы зейнеткерлікке шығатын уақытынан 6 ай кеш шығады.  

1956 жылдың екінші жартыжылдығында туған әйел 2015 жылы зейнеткерлікке шығатын уақытынан 6 айға кеш, яғни 2015 жылы – 59 жасында, 2016 жылы – 59 жасқа тағы 6 ай қосылып шығады. Осылай жалғаса береді.

Сонымен қатар келесі санаттағы әйелдерге бүгінде қолданыстағы зейнеткерлік заңнамаларында қарастырылған әйелдердің зейнеткерлікке ерте шығуы жөніндегі жеңілдіктері сақталатын болады.Олар:

– 5 және одан да көп бала туған және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген көпбалалы аналарға 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін жалпы еңбек өтілі 20 жылдан кем болмаған жағдайда зейнеткерлікке 53 жасында шығу құқығы беріледі. Бұған қоса, ананың әр баланың күтімі бойынша 3 жасқа толғанға дейінгі жұмыссыз отырған уақыты еңбек өтіліне енеді, бірақ ол 12 жылдан аспауы керек. 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін жалпы еңбек өтілі 20 жылға толмаған әйелдерге жасына қарай, олардың заңмен белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейінгі уақытына ең төменгі күнкөріс көлемінің 50%-ы (2013 жылғы АЕК 1731т. х 50% = 9330 теңге) мөлшерінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қарастырылады, содан кейін әйелдің еңбек өтіліне қарай зейнетақы және базалық зейнеткерлік төлем тағайындалады.

– Қазақстан Республикасының “Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы” Заңына сәйкес ең көп радиациялық тәуекелді және төтенше аймақтарда 1949 жылдың 28 тамызынан бастап 1963 жылдың 5 шілдесіне дейінгі аралықта 10 жылдан кем тұрмаған азаматтарға зейнетақы тағайындау заңды: әйелдер – 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін жалпы еңбек өтілі 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жаста зейнеткерлікке шығуға құқылы;

– зейнетақы жинақтау қорында жинақтаған зейнетақысы бар және жинақталған зейнетақысы ең төменгі зейнетақы көлемін (3 млн. 100 теңге) төлеуді қамтамасыз етуге жеткілікті 50 жасқа толған әйелдер зейнетақы жинақтау қорындағы міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқылы;

– 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін №1, №2 тізімде қарастырылған денсаулыққа зиянды және ауыр еңбек жағдайында жұмыс істеген әйелдерге мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындалады, атап айтсақ;

– №1 тізім бойынша 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін жалпы еңбек өтілі 15 жылдан кем болмаған, оның ішінде 7 жыл алты айдан кем емес уақытын денсаулыққа зиянды еңбек жағдайында өткерген әйелдер 48 жасқа толғанда зейнеткерлікке шыға алады. Жәрдемақы көлемі 9 айлық есептік көрсеткіш – 15579 теңгені құрайды;

– №2 тізім бойынша 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін жалпы еңбек өтілі 20 жылдан кем болмаған, оның ішінде 10 жылдан кем емес уақытын денсаулыққа зиянды еңбек жағдайында өткерген әйелдер 53 жасқа толғанда зейнеткерлікке шыға алады. Жәрдемақы көлемі 8 айлық есептік көрсеткіш – 13848 теңгені құрайды;

– бұдан басқа, көпбалалы аналар мен отбасыларды әлеуметтік қорғау мақсатында, 6-7 бала туғаны үшін “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен марапатталғандар немесе бұрын “Ардақты ана” атағын алғандар, сонымен қатар, І және ІІ дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен марапатталғандарға өмір бойына 6 айлық есептік көрсеткіш – 10578 теңге көлемінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Жәрдемақы төлеу зейнеткерлікке шыққаннан кейін де жалғасады;

– кәмелетке толмаған төрт және одан көп бірге тұратын балалары бар көпбалалы отбасыларға, соның ішінде күндізгі оқу түрі бойынша оқытатын орта, кәсіптік және техникалық, ортадан кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында оқитындарға кәмелет жасына толғаннан кейін оқу орындарын аяқтағанша (бірақ жиырма үш жастан артық емес уақытқа) 3,9 айлық есептік көрсеткіш – 6876 теңге көлемінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp