«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САУДА ҮЙІНІҢ ҚАБЫРҒАСЫНА СЫЗАТ ТҮСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәуірдің 10-ы күні облыс орталығының Интернационал көшесіндегі “Биғайша” сауда үйінде топырақтың көшкінінен бөлмеаралық қабырғаға сызат түскен.

Оқиға орнына жеткен жергілікті әкімдік, прокуратура, ТЖД, ІІД және қалалық сәулет-құрылыс бөлімінің қызметкерлері төтенше жағдаймен танысты. Құтқарушылар сауда үйінен 36 адамды қауіпсіз жерге жеткізді.  

Белгілі болғанындай, ғимараттың кірпіш тіреулерінің үстіңгі бөлігі біршама зақымданған. Бұл өз кезегінде еден асты плитаның бұзылып, нәтижесінде қабырғада жарықшақтың пайда болуына әкеп соққан.

Оқиға орнын зерттеген қалалық сәулет-құрылыс бөлімінің қызметкерлері ғимараттың құлау қаупі жоқ екенін анықтады. Қазіргі уақытта сауда үйі күнделікті қалыпта жұмысын жалғастыруда.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp