«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫНДАРЫ КӨШІП КЕТКЕН елді мекендер, сондай-ақ, кейбір ауылдық округтер таратылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс он төртінші сессиясы өтіп, онда бес мәселе қаралды. Депутаттар жиналысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров, тұрақты комиссия хатшысы, төрағалары мен мүшелері, департамент және басқарма басшылары қатысты.  

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

 

Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына нендей өзгерістер енгізілгендігін облыс әкімі аппаратының жетекшісі Владимир Дудов мәлім етті. Облыстық мәслихаттың шешімімен барлық тұрғындары көшіп кеткен немесе қоныс аударған Мағжан Жұмабаев ауданының Моховое, Тайынша ауданының Жарқайың және Тимирязев ауданының Первомайское ауылдары таратылды. Сондай-ақ, тұрақты тұрғындарының саны елуден кем бірқатар елді мекендер ыдыратылып (Ақжар ауданының Жарқын, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Мищенка және Сазоновка, Жамбыл ауданының Муромское, Лапушки, Богатое, Усердное, Жалтырша, Песчанка, Семиозерка ауылдары), қайта құрылған ауылдар құрамына енгізілетін болды. Кейбір ауылдық округтердің әкімшілік-аумақтық құрылысы өзгертілді. Мәселен, Айыртау ауданының Жетікөл, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Гаршин, Жамбыл ауданының Железное, Новорыбинское, Баянауыл және тағы бірқатар ауылдық округтер қайта құрылып, олар жаңа әкімшілік бағынысқа бекітілді. Шал ақын аудандары Аютас ауылдық округінің Мерген ауылы осы ауданға қарасты Городецкий ауылдық округінің құрамына өтті.

Отырыс барысында 2013-2015 жылдарға арналған облыс бюджетіне өзгерістер енгізу жөнінде шешім қабылданды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp