«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ және ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ұйымдары көрсеткен қызметтер көлемі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жалпы әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау ұйымдары көрсеткен қызметтердің айтарлықтай көлемін (95,4%-ын) мемлекеттік ұйымдар жасады. 

2012 жылғы төртінші тоқсанда облыста халыққа жалпы медициналық көмек көрсетумен 99 ұйым айналысты, олардың 30-ы – аурухана. 16 ұйым әлеуметтік қызмет көрсетті. Әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау ұйымдары көрсеткен негізгі қызмет көлемі 6 440,6 млн. теңгені құрады.
2012 жылғы қазан-желтоқсанда әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау аясында көрсетілген қызметтердің жал-пы көлемінен 95,4% – мемлекеттік меншік мекемелері, 3,7 – жекеменшік және 0,9% басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігіндегі кәсіпорындар көрсеткен.
Әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау аясында негізгі қызмет көрсету төлемінің көзі бұрынғыдай бюджет қара-жаты болып қалуда, ол жалпы қызмет көлемінің 93,8%-ын құраған. Халықтан түскен қаражат есебінен төленген қызметтер үлесі 4,9%-ды құрады, қалған бөлігі, 1,3%-ы, кәсіпорындар қаражаты есебіне келеді. 
Қызметтердің едәуір көлемі ауруханалық ұйымдардың қызметі есебінен қалыптасты, олар 36 069,8 млн. теңге (60,2%) сомасына қызмет көрсетті. Жалпы дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар 1 016,2 млн. теңге (16,9) сомасына, басқа да адам денсаулығын қорғау жөніндегі қызметпен айналысатындар 688,9 млн. теңге (11,5) сома-сына қызмет көрсетті, мамандандырылған дәрігерлік тәжірибе саласы 501,4 млн. теңге (8,4%) сомасына қызмет көрсеткен.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp