«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АВТОКӨЛІКПЕН ЕЛГЕ ТАУАР ӘКЕЛГЕНДЕР алдын ала хабардар етуге міндетті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеден одағы комиссиясының “Кеден одағы аумағына автомобильмен әкелінетін тауарлар жайлы міндетті алдын ала ақпараттандыруды енгізу туралы” шешімі былтыр заңды күшіне енген.
Сәуірдің бірінші онкүндігінде СҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінде және бекеттерде осы тақырыпқа орай түсіндіру шаралары жүргізілді. Оларға облыс аумағында қызмет ететін көлік компанияларының өкілдері, кәсіпкерлер мен кеденшілер қатысты. Бұл шешім негізінде тасымалдаушылар немесе өзге мүдделі тұлғалар әкелінетін тауарлар жайында міндетті ақпаратты ұсынулары тиіс. Ақпарат тауарды ел аумағына әкелгенге дейін екі сағат бұрын кеден органының сайтына енгізілу керек. Осыған орай Кеден одағына мүше елдердің кеден органдары автокөлікке тиелген тауарлар бойынша алдын ала ақпаратты қабылдап, өңдейді.
Қазақстандық кеден қызметі алдын ала ақпаратты кеден органдарының pi.customs.kz веб-порталы арқылы қабылдайды. Порталдағы тіркелу және ұсынылатын қызметтер тегін.
Алдын ала ақпарат тасымалдау декларациясы ретінде пайдаланылатын құжаттарда жазылған алдын ала ақпарат пен мәліметтің сәйкес болмауы орын алмаған кезде тасымалдау декларациясының электронды көшірмесі ретінде қолданылады. Жаңадан енгізіліп отырған бұл тәсіл өткізу бекеттеріндегі кеден рәсімдері кезінде уақытты үнемдеуге мүмкіндік туғызады әрі қаржылық шығынды азайтады. Сондай-ақ енді тасымалдау декларациясын қағазға басып шығарудың қажеті жоқ, оның орнына көліктік және коммерциялық құжаттар қолданылады. Алдын ала ақпарат берілмеген уақытта мүдделі тұлға оны екі сағат ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесіне ұсына алады.
Алдын ала ақпаратты ұсыну туралы толық ақпаратты ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің ресми сайттарынан (www.e.customs.kz, www.customs.ru, www.gtk.gow.by) біле аласыздар.
Облыстық Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp