«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУДАНДА ӨТКІЗІЛГЕН СЕМИНАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Таяуда Аққайың ауданында облыс әкімінің Мемлекеттік тілді оқыту орталығының мамандары семинар өткізді. Шараға ауданның білім, денсаулық, спорт, мәдениет, әлеуметтік салаларының 100-ден астам қызметкері қатысты.

 

Дана ТОПЫШЕВА,

облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығының оқытушысы.

Шараны кіріспе сөзбен ашқан орталық директоры Жанат Мұхамеджанов Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілдің аясын кеңейту мақсатында қабылданған заңнамалық актілер туралы, облысымыздағы мемлекеттік тілді оқыту сапасын арттыру, аудандарда сабақ өткізуге барынша жағдай жасау жолындағы кездесетін проблемалар туралы айтып өтті. Орталық әдіскері Айжан Сұңғатова қатысушыларға “Қазтест” жүйесі және оның құрылымы туралы, оған қатысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті бекіткен “Қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарламасы”, Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген мемлекеттік стандарттарға сәйкес бес деңгейлік оқулықтар, лексикалық минимумдар және “Қазтест” тапсыруға дайындық құралдары жайында толық ақпарат беріп, тест үлгілерімен таныстырып өтті.

Семинар соңында бөлімдер жетекшілерін орталықтың ғылыми әдіскері Гауһар Темірбаева оқу үдеріс барысындағы қажетті құжаттармен таныстырып, “Қазтест” жүйесі бойынша сабақ үлгісін көрсетті.

Шара барысында “Қазтест” бағдарламасын пайдалану жөнінде мәлімет алған қатысушылар сұрақтарына мамандар тарапынан тұшымды жауаптар алды.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp