Сәуле МҰСТАФИНА,
Валентина САРТИНА,
“№1 қалалық емхана” ШЖҚ КМК дәрігерлері.
Біздің ағзамызда қажет емес немесе онша маңызды емес мүше жоқ деп айту артық – олардың барлығы қажет және маңызды. Бірақ та біздің барлық мүшелер мен жүйелердің ішінде ағзаның басты моторы және басты тасымал жүйесі – жүрек пен қан тамырлары.
Жүрек пен тамырлар туралы қарапайым қызықты статистика бар. Жыл сайын жүрек шамамен 42 075 900 рет жиырылады. Барлық дене арқылы қанды жүгірте отыра, адам жүрегі 9 метр қашықтыққа қан ағысын жібере алады. Көлемі жұдырықтай-ақ жүрек күн сайын шамамен 9500 л. қан айдайды. Бұл он метр ұзындыққа он тонна жүкті көтергенмен тең. Егер біздің барлық қан тамырларымызды бір тік сызық бойына қойса, онда оның ұзындығы 100 000 шақырым жерді алар еді және Жер шарын екі жарым рет орауға болар еді.
АУРУЛАР
Жүректің ишемиялық ауруы – коронарлық артерия қабырғасының ішкі қабығын құрайтын жасушаларда май шөгінділері жиналып, қанның жүруін қиындатуы. Көп майдың жиналуы, шылым шегу және физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігі – осылардың барлығы жүректің ишемиялық ауруының пайда болу қаупін арттырады.
СЕБЕПТЕРІ
Май біртіндеп жүректі қанмен қамтамасыз ететін екі негізгі коронарлық артерияның үлкен тармақтарында пайда болады. Бұл үрдіс атеросклероздың дамуы деп аталады. Ол артерияда жиналып, оны тарылтады. Бірте-бірте май жиналу ұлғаяды, олардың фрагменттері бөлініп қан айналымына түсуі мүмкін; олардың жоғары бетінде кейде кішкентай тромбылар пайда болады. Жүрек жақсы жиырылып және қанды айдау үшін жүрек бұлшықеттері (миокардқа) коронарлық артериядан үздіксіз бай оттегімен нәрленген қанмен қамтамасыз етіліп тұруы қажет. Коронарлық артериядағы қан ағысының тым бұзылу шамасына қарай, жүрек бұлшықеттерінің ишемиясы (қанмен жеткіліксіз жабдықтау) дамып, жүректің зақымдануына әкелуі мүмкін.
СИМПТОМДАРЫ
Жүректің ишемиялық ауруы – жүрек қыспасының пайда болуы. Алғашқыда физикалық және психикалық жүктеме түскенде ауырсыну, сол қолға берілетін ауыр жүк сезімі, төс маңайының қызуы. Содан соң ауырсыну ұйықтаған кезде де сезіле бастайды. Оны нитроглицеринмен басуға болады, ол жарты сағатта бетін қайтарады.
Сонымен бірге науқастар аяқтың ісінуі мен ырғақсыздықтың жоқтығына шағымданады, ол жүректің функциялық жеткіліксіздігінен пайда болады.
Миокард инфарктінің атиптік түрі бар:
Ауырсынусыз инфаркт. Білінбей өту сирек кездеседі.
Құрсақтық түрі: жүрек айну, құсу, іштің кебуі.
Демікпелік түрі: күшті, үдей түсетін демікпе.
Атиптік ауырсыну синдромы: тіс, бұлшықет, невралгия және т.б. ауруларға ұқсайды.
Ми түрі: бас айналу, есінен тану, неврологиялық симптомдар.
ДӘРІГЕРГЕ ҚАШАН КӨРІНУ КЕРЕК?
Физикалық жүктемеден кеуде тұсы ауырған кезде.
Тіс, бұлшықет және невралгия ауруларының себепсіз қайталануы кезінде.
“ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМДІ” ҚАШАН ШАҚЫРҒАН ЖӨН?
Нитроглицерин қабылдасаңыз да, кеуде тұсының ауруы басылмаған кезде.
Аритмия, қобалжу сезімі, артериялық қысымның төмендеуі кезінде. Бас айналу, естен тану, сөйлей алмау және басқа да неврологиялық симптомдар болған кезде.