«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚЖАРДЫҢ “БАРЫСЫ” АНЫҚТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айбек ХОРШАТ,
ішкі саясат бөлімінің бастығы.

Ақжар ауданының Талшық ауылында қазақ күресі облыстық федерациясы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен “Қазақстан барысы” байқауының ІІ кезеңінде 12 ауылдық округтен келген 17 балуан күш сынасты.
Жарыс қорытындысында Ұялы ауылдық округінің балуандары Мұрат Бейсенов пен Алмас Әбілов бірінші және екінші орындарды иеленсе, үшінші орынды Қулыкөл ауылдық округінің балуаны Нұрқанат Әутәліпов еншіледі.
Жарыс жеңімпаздарына аудан әкімі, “Нұр Отан” ХДП аудандық филиалының төрағасы Ағзам Тастеміров тиісінше 75, 45 және 30 мың теңгенің ақшалай сыйлықтарын, медальдар мен дипломдар тапсырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp