«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ КҮН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

12 сәуір күні облыс бойынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауын талқылауға арналған Бірыңғай ақпараттық күн өтті. Оның жұмысына жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпкерлер, әлеуметтік және ауыл шаруашылығы салаларының қызметкерлері қатысты. 

Елбасының Стратегиясын жұртшылыққа түсіндіру бойынша облыста 230-дан астам ақпарат-тық-насихат топ жұмыс істейді. Жергілікті жерлерде өткізілген түсіндіру жұмыстары барысында жұртшылық ел өмірінің басым бағыттары жайлы толығырақ ақпарат алуға мүмкіндік алады. 12 сәуірде өткен Бірыңғай ақпараттық күндегі жоспарлы жұмысқа өңіріміздің 1 облыстық, 1 қалалық, 13 аудандық және 216 ауылдық ақпараттық-насихат топтары атсалысты.
Бірыңғай ақпараттық-насихат тобының мүшелері Жамбыл ауданында да болып, Пресновка, Жамбыл, Святодуховка елді мекендерінің тұрғындарымен кездесіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауын түсіндірді.
Кездесулерге келген ауыл тұрғындарын зейнетақы жүйесін жаңғырту, зейнеткерлердің жасын бір ізге салу, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының міндетті зейнетақы жарналарына ауысуы, әйелдердің зейнеткерлікке ерте шығуы бойынша жеңілдіктері туралы мәліметтер қызықтырды. Сонымен қатар, ауылдықтарға мемлекеттік қызметтің жаңа моделі, қуат көзін үнемдеу және оның тиімділігін арттыру жөнінде толық ақпарат берілді.
(Өз тілшімізден).
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp