Жыл басынан бері Петропавлдағы қабылдау-бөлу бөліміне 2200-ден астам қаңғыбас жеткізілген. Тұрғылықты мекен-жайлары жоқ адамдарды анықтау мақсатында тәртіп сақшылары облыс орталығында рейд өткізді.
Оның барысында тәртіп сақ-шылары жылу құбырларын, қоқыс салатын орындарды бақылауға алды. Екі сағат ішінде қабылдау-бөлу бөліміне құжаттары жоқ 20-дан астам кезбе жеткізілді. Олардың барлығы фото-бейне тіркеуге қойылып, саусақ таңбалары алынды.
Көше кезгендердің жас мөлшері әртүрлі. Соңғы үш ай ішінде бөлімшеге 2232 адам жеткізілген. Олардың 89-ы сот шешімімен қабылдау-бөлу бөліміне қамауға алынды.
Сондай-ақ рейд барысында іздеуде жүрген 5 азаматтың мекен-жайы анықталды. Оның үшеуіне қылмыс жасағаны үшін іздеу жарияланған. Ал, екеуі із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған. Тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалардың көбі қылмыскерлердің құрбаны болған немесе заңға қайшы әрекет еткен.
“Осындай рейдтердің мақсаты тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларды анықтау арқылы олар-дың қылмыс жасауына жол бермеу, оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады”, – дейді Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасының қаңғыбастарды қабылдау-бөлу бөлімінің бастығы Әділ Қайредденов.