«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СЫНАҚТАН ӨТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда мемлекеттік қызметшілердің арасында Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен “Қазтест” жүйесі бойынша байқау сынағы өтті. Оған Мамлют, Айыртау және Тайынша аудандарынан 542 адам, ал жалпы 1140 адам қатысты.

 

Дана ӘДІЛШИНА,

СҚО мемлекеттік тілді оқыту орталығының оқытушысы.

Қатысушылар 40 сұрақ бойынша қазақ тілінің лексикасы мен грамматикасын білу деңгейлерін анықтады. Сондай-ақ мәтінмен жұмыс істеу барысында емтихан тапсырушылар 30 сауалға жауап берді. Мемлекеттік қызметшілер 2 топқа бөлініп, сыннан өтті. Біреулері қазақ тілін жетік білетіндігін, ал екіншілері бастауыш деңгейде меңгергендігін дәлелдеді. Шараның қорытындысы бойынша сыннан сүрінбей өткендер арнайы сертификаттарға ие болды. Атап айтқанда, қарапайым деңгейі бойынша – 854, орта деңгейі бойынша – 60, ал базалық деңгейі бойынша 46 адам сертификат алды.

Шара барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Ұлттық тестілеу орталығынан” арнайы келген маман – тестілеуді ұйымдастыру ғылыми-әдістемелік зертханасының меңгерушісі Мира Сәдуақасова: “Елбасы 2020 жылға дейін мемлекеттік тілді білетін халықтың санын 95 пайызға жеткізуді талап еткен болатын. Әсіресе, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді білу – басты міндет. Президенттің осы талабын орындау мақсатында бірталай жұмыс атқарылуда. 2009 жылдан бері барлық аймақтарда “Қазтест” негізінде білім деңгейін бақылау жұмысы жүргізіліп келеді”, – дей келе, облыста 2-рет өткізіліп отырған “Қазтест” жүйесіне өткен жылмен салыстырғанда тыңдаушылардың деңгейі біршама жоғары болуы облыс көлемінде мемлекеттік тілдің аясын кеңейту мақсатында іс-шаралардың жүйелі түрде ұйымдастырылып отыратындығының айғағы екендігін атап өтті.

Алдағы уақытта оқу жылының қорытындысы бойынша мамыр және маусым айлары аралығында “Қазтест” жүйесі бойынша облыстық сынақ өткізілетін болады.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp