«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НЕҒҰРЛЫМ ЕРТЕ БАСТАҒАН ЖӨН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлжан ИЛЬЯСОВА,
“Ақ бота” бөбекжай-бақшасының қазақ тілі мұғалімі.

Қазақ тілін оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты талабы. Сондықтан баланы ерте жастан қазақ тіліне бейімдеу қажет.
Бұл тілді үйренуді мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған қолайлы. Неғұрлым көп естіп-білуге ынталанған балалардың есте сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға қазақ тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырамыз. Оқыту әдісінің бастапқы кезеңінде сұрақ-жауап әдісі қолданылады, себебі диалог балаларды қарапайым ауызша сөйлеуге үйретіп қана қоймай, сонымен қатар, тыңдай отырып ұғынуына және өз ойын жеткізе білуіне үйретеді. Балаларды алғашқы оқыту сатысында сөзді жаттау, тілдік үлгідегі ұғымды түсіндіру, өлең және т.б. қолданылады. Бұл жаттығулар балалардың өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ерте кезден оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез үйренуге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздері ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткен тиімді. Балаға ойын барысында тіл үйрену қызықтырақ болады. Балаларға жас ерекшеліктеріне сай тілді меңгерту басқа халықтың мәдениетін білуіне жол ашады.
Сондықтан да бүгінгі уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз дамыған тұста қазақ тілі сабағында балалардың коммуникативтік, танымдық және басқа да белсенділіктерін, оның еркіндігімен, өзін-өзі шығармашылық тұрғысынан көрсетуге деген қабілеттерін арттыру жолдарына баса назар аударғанымыз жөн.
Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp