«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚЫРМАНДАР КЛУБЫ АШЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қалалық классикалық гимназияда “Оқырмандар клубы-ның” ашылу салтанаты өтті. 

 

Фархат ТАСТАМБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Бұл клубты құру идеясы туған күннен бастап қалалық классикалық гимназия директорының міндетін атқарып жүрген Данияр Уәлиев пен оның шәкірттері демеушілер іздеген. Олардың бұл бастамасын қолдаған Астанадағы Ұлан Қаражігітов деген кәсіпкер жаңа кітаптар сатып алу үшін өз қалтасынан қаражат бөлген. Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың депутаты Сайран Хамзин де жеке бизнесін бастау жолында оқып, тәжірибе жинақтап, сабақ алған кітаптарын “Оқырмандар клубының” қорына тапсырды. Барлығы 70 кітапқа жетті.

Енді “Оқырмандар клубының” мүшелері адамдардың өмірге көзқарасын өзгерткен ғұлама Стив Джобс туралы “Человек, который думал иначе”, Пауло Коэльоның “Алхимигін”, Стивен Ковидің “7 навыков высокоэффективных людей” атты кітабын алып, тегін оқи алады. Тек оқып қана қоймай, гимназияның озат оқушылары Әлия Қамзина, Жұлдызай Жақыпова, Шоқан Шұғайыпов, Айжан Құдабаева сынды кітапсүйерлердің бастамашылығымен алдағы уақытта жиындар ұйымдастырылып, әркім өзі оқыған кітабы туралы ойларымен бөлісетін болады.

Петропавл қаласы.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp