«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕРГЕУШІЛЕР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО Ішкі істер департаменті тергеушілер органының құрылғанына 50 жыл толуына орай қалалық Мәдениет үйінде мерекелік шара ұйымдастырды.  

Кеш тергеу органы туралы бейнефильммен басталды. Бүгінде тергеу саласында 168 адам қызмет атқаруда. 139-ы тергеуші болса, солардың 23-і – офицер шенді қызметкерлер.
Мерейтой иелерін облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы Мұрат Ұрұмханов құттықтап, әріптестерінің қызметтерінде табыс пен қылмысты тергеу жолында сәттілік тіледі. Ішкі істер департаменті бастығының бұйрығымен асқан шеберлігі мен жетістігі үшін бірқатар қызметкерлер ақшалай сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ, шеберлігімен танылғандарға Құрмет грамоталары мен төсбелгілер, Алғыс хаттар табысталды. Қатарға енді ғана қосылған жас мамандардың ата-аналары мен ардагерлер де марапаттан тыс қалған жоқ. Солардың бірі – ішкі істер органдарының ардагері Серік Жусалин. “Департамент басшылығы қандай шара болсын аға буын өкілдерін шақырып, сый-құрмет көрсетіп жатады. Осының өзі біз үшін бір бақыт”, – деді ардагер.
Мерейтой Ішкі істер департаментінің көркемөнерпаздар ұжымы мен жергілікті өнерпаздар дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp