«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮНДЕ СЕРУЕНДЕУГЕ ҚҰМАР жасөспірімдер анықталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығының тәртіп сақшылары “Нөлдік шыдамды-лық” шарасы аясында өз жұмыстарын жалғастыруда. Осыған орай кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі полиция инс-пекторлары жас буын арасындағы заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейд шарасын өткізді.  

Тәртіп сақшылары ойын-сауық орталықтарын, компьютер клубтары мен жастар көп жиналатын орындарды тексерді. Оның барысында кешкі сағат 23-тен кейін ата-аналарының, заңды өкілдерінің қарауынсыз көше кезген жасөспірімдерге баса назар аударылды. Осы жолы да әкімшілік заңнама талаптарын сақтамай, тәртіп бұзған балалар анықталды. Мысалы, 15 жастағы мектеп оқушысы түнгі сағат екі шамасында Мир-Я.Гашек көшелерінің қиылысында кетіп ба-ра жатқан жерінен ұсталды. “Кешкі спорттық жаттығудан кеш шығып, досымды үйіне шығарып салып келе жатқан күйім”, – деп ақталмақ болды бозбала. Тәртіп бұзушы бір жыл бұрын дәл осылай көше кезгені үшін тіркеуге алынған екен. Полиция қыз-меткерлері баланы үйіне жеткізіп, ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 336-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған баласын түнгі уақытта қараусыз қалдырған ата-ана немесе заңды өкіл бұл қылығы үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндетті. Жыл басынан тәртіп сақшылары осы бап негізінде 500-ге тарта заң бұзушылықты анықтаған.
Үш сағатқа созылған рейд барысында он шақты қала тұрғыны қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp