«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тұрғындардың ақшалай шығындарының құрылымы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2012 жылғы IV-тоқсанда облыстың бір тұрғыны азық-түлік тауарларына – 32 820 теңге, азық-түлік емес тауарларға – 31 012 теңге, қызметтерді төлеуге 16 640 теңге жұмсады.

Үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу деректері бойынша 2012 жылғы IV-тоқсанда жан басына шаққандағы ақшалай шығындар 91 312 теңгені құрады, оның ішінде қалалық елді мекендерде – 113 606 теңге, ауылдық елді мекендерде – 75 649 теңге.
Жұртшылықтың ақшалай шығындарының құрылымында 35,9%-ды – азық-түлік тауарлары, 34,0 – азық-түлік емес тауарлар, 18,2 – ақылы қызметтер, 6,2 – туысқандарға, таныстарға материалдық көмек және алименттер, 5,6 – қарыздар мен кредиттерді төлеу, 0,1%-ды салықтар, төлемдер және басқа да борыштар алады.
Жұртшылықтың азық-түлікке шығындарының құрылымында 29,8%-ды – ет және ет өнімдері, 18,1 – нан өнімдері мен жарма өнімдері, 9,5 – қант, кондитерлік бұйымдар мен тәттілер, 8,5 – сүт өнімдері, 8,2 – жемістер, 6,1 – май және тоң май, 6,0 – алкогольсіз сусындар, 4,7 – балық және теңіз өнімдері, 4,5%-ды көкөністер алады.
Жұртшылықтың азық-түлік емес тауарларға шығындарының құрылымында 38,3%-ды – киім, мата, аяқкиім, 15,5 – жиһаз, үйге қажетті заттар және тұрмыстық техника, 13,0 – сұйытылған газ және отынның өзге де түрлері, 10,8 – автокөліктік жабдықтар, және көлік жабдықтары үшін жанар-жағармай материалдары, 9,7 – жеке гигиена тауарлары, 5,7%-ды дәрі-дәрмектер, сауықтыру жабдықтары және аппаратурасы алады.
Ақылы қызметтер құрылымында 37,3%-ды тұрғын-коммуналдық қызметтер, тұрғын үйді жөндеу және күтіп ұстау шығындары, 18,8 – байланыс қызметтері, 15,4 – көлік қызметтері, 11,5 – білім беру қызметтері; 9,6 – түрлі қызметтер, 3,7 – денсаулық сақтау қызметтері, 1,2 – бос уақыт пен мәдениетті ұйымдастыру қызметтері, 1,1 – мейрамхана, дәмхана қызметтері, 0,4%-дан әрқайсысы киім тігу, тазалау, жөндеу және аяқкиім жөндеу қызмет-тері алады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp