«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шағын кәсіпорындардағы еңбекақы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2012 жылдың IV-тоқсанында шағын кәсіпорындардағы орташа айлық атаулы еңбекақы өткен 2012 жылғы I-тоқсанмен салыстырғанда 18%-ға өсті.

Шағын кәсіпорындардағы еңбеккерлердің орташа айлық атаулы еңбекақысы 2012 жылдың I-тоқсанындағымен салыстырғанда 18%-ға өсіп, 2012 жылғы IV-тоқсанда 46 519 теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы жұмыскерлердің орташа айлық еңбекақысы – 44 138 теңге, өнеркәсіпте – 47 404, құрылыста – 49 232 теңге, саудада 45 906 теңгені құрады. Ең жоғары еңбекақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметпен айналысатын кәсіпорындарда – 78 658 теңге.
Аудандар арасында салыстырмалы түрде жоғары еңбекақы Есіл (53 621 теңге), Мамлют (48 744 теңге) және Тайынша (48 718 теңге) аудандарында. Петропавл қаласындағы шағын кәсіпорындарда орташа айлық еңбекақы 49 042 теңге мөлшерінде болды.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp