Жалпы өнеркәсіп өндірісі көлемінің 62%-дан астамы жұмыскерлер саны 50 адамнан артық кәсіпорындарға тиесілі.
Статистикалық бақылау деректері бойынша 2013 жылғы қаңтар-ақпанда 70 ірі және орта кәсіпорын өнеркәсіп өнімін өндірумен айналысқан, олар 13 млрд. теңгенің өнімін өндірді.
Өндірілетін өнеркәсіптік өнім құрылымында тамақ өнімдерінің өндірісі (32,8%), машина жасау (18,6), электр қуатын өндіру және бөлу (28,3), бу беру және ауа баптау жүйесі (11,4%) сияқты қызмет түрлері басым.
Тамақ өнімдерін өндірумен 18 кәсіпорын, машина жасаумен – 14, электр қуатын өндіру және бөлумен – 14, бу және ыстық су жабдықтаумен 4 кәсіпорын айналысады.
Тамақ өнімдерін өндіруде сүт өнімдерін (32,1%), нан-тоқаш және ұн өнімдерін (26,1), ұн өнеркәсібінің өнімдерін (19,4%-ы) шығару басты орын алады. Үстіміздегі жылғы қаңтар-ақпанда тазаланбаған рапс майының өндірісі – 2,8 есе, шабылған еттен дайындалған жартылай фабрикаттар – 2, сүт өнімдері – 1,7 есе, торттар және кондитерлік өнімдерді өндіру 35,2%-ға ұлғайды.
Өнеркәсіптің басқа салаларында пластмасса құбырлар, түтіктер, жеңдер мен шлангілер (60 есе), жабылған болат та-бақтан жасалған сэндвич-панельдер (2,1), теледидар қабыл-дағыштарын (1,6), мұнай өндіру жабдықтарын (1,7 есе) шығарудың өскені атап өтілді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp