ҚР ІІІ қысқы спартакиадасы аяқталды. Жарыс бағдарламасы бойынша спортшылар 18 спорт түрінен сайысқа түскен болатын.
Дода қорытындысы бойынша қысқы президенттік көпсайыс пен конькимен жүгіруден – бірінші, ал спорттық бағдарлаудан үшінші орынды жеңіп алған жерлес спортшылар жалпыкомандалық есепте үшінші орынға тұрақтады.
Облыстық туризм,
дене шынықтыружәне
спорт басқармасы.