«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

7 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ бюджет қаржысы үнемделді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Виктория ПИВОВАРОВА,

облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаменттің

бөлім бастығы.

Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды. Мемлекет “Электронды үкіметті” құру, рұқсат жүйесін оңтайландыру, мемлекеттік қызмет көрсету уақытын қысқарту және бизнеске қысымды төмендету бойынша шараларды қолға алуда. Мұның бәрі қоғамдағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге септігін тигізбек. Біз сыбайлас жемқорлық қылмысын анықтау көрсеткішінің өсімін қумай, криминогендік жағдайдың алдын алу және ескерту жолдарымен жақсартуға ұмтылуымыз қажет.

Қаржы полициясы агенттігінде мамандандырылған ситуациялық орталық құрылған. Облыстық департаментте ақпараттық-сараптамалық бөлім ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, өңіріміздегі криминогендік жағдайға мониторинг жүргізеді. Мемлекеттік органдардың дерек қорындағы және өзге де ашық көздердегі ақпараттың негізінде орталықта қылмыстық байланыстың құрылымы мен сызбасы анықталып, субъектілердің туыстық белгілері, үлестестігі және өзге де параметрлері бойынша өзара байланыстары табылады.

 

 

Аталмыш бөлім үстіміздегі жылдың І тоқсанында 5 сараптама және 7 мониторинг жүргізді. Бұл сараптама білім, денсаулық сақтау, мемлекеттік сатып алу және тағы да басқа салалар бойынша жасалды. Мониторинг барысында желтоқсан айында “Тайынша аудандық құрылыс бөлімі” ММ “Тұлпар Тайынша” ЖШС-мен Тайынша қаласындағы Қазақстан Конституциясы көшесі, 261 мекенжайындағы жатақхананы жалпы сомасы 97,7 миллион теңгеге 24 пәтерлі үй қылып қайта жаңарту үшін өзара есеп айырысу фактісі анықталды. Бөлінген қаржының көлемі мен оны қысқа мерзімде игеруі келісімде қарастырылған жұмыстың іс жүзінде және сапалы орындалғанына күмән туғызды. Тексеру шараларын өткізу үшін ақпарат департаменттің сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және ескерту басқармасына жіберілді. Аталмыш факт расталып, пайда түсіру мен басымдылық таныту мақсатымен “Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 261 мекенжайындағы жатақхананы 24 пәтерлі үй ретінде қайта жаңарту” нысанындағы жұмыстардың түрлері мен көлемінің дені орындалмағанын біле тұра 97,7 миллион теңге зиян шектіретін дерегі жалған ресми құжатқа қастықпен қолын қойып, мөр басқан “Тайынша аудандық құрылыс бөлімі” ММ-нің бастығы Д. деген азаматқа қатысты кейіннен ҚР ҚК-нің 314-бабы 2-бөлімі бойынша (қызметтік алдау) қылмыстық іс қозғау үшін өтініштер мен ақпараттар есебі кітабына тіркелді. Қазіргі таңда қылмыстық іс тексерілуде.

2013 жылдың І тоқсаны бойы сатып алу бағасын көтеруге байланысты мемлекеттік сатып алуға тұрақты негізде мониторинг жүргізілді. Ақпараттық-сараптамалық бөлім сатып алу бағасының тым көтерілгені туралы мемлекеттік органдарға 3 ұсыныс жолдары және лоттың тоқтатылғандығы туралы жауап алынды.

Мысалы, “Уәлиханов аудандық білім бөлімі” ММ-нің бастығына бензин мен дизель отынын сатып алу бағасын жалпы сомасы 523 745 теңгеге, “Қызылжар су” ЖШС президентіне болатты сатып алу бағасын 4,5 миллион теңгеге, “Жас дарын” өнер мектебі” МҚКК директоры кабинеттік рояльдің сатып алу бағасын 2 миллион теңгеге көтеріп жіберген фактілері үшін.

Осылай жоспарлы сатып алу бағасын кеміту мақсатында мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жолымен бюджеттік қаржыны үнемдеудің жалпы сомасы 7 000 000 теңгені құрады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp