«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСКЕТБОЛШЫЛАРЫМЫЗ – ФИНАЛДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Азамат ШӘРІПОВ,
аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.

Біздің ауданның спортшылары 5 сәуірден 7 сәуір аралығында өткен жазғы “Ақ бидай” спорттық мерекесі бағдарламасының баскетбол бойынша аумақтық жарысына қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Аталмыш жарыс Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында өтті. Онда ауданымыздың намысын қорғаған спортшылардың қатарында Евгений Блажко, Анатолий Локшин, Сергей және Алексей Галкиндер, Рустам Хасенов, Юрий Зотов, Максим Чепуков, Иван Дитятив және Евгений Волков болды.
Биылғы жылы жеребе тартудың нәтижесінде біздің аудан командасы Жамбыл, Мамлют және алаң иелері Уәлиханов аудандарының командаларымен кіші топта ойын көрсетті. Бірінші кездесуде мағжандықтар Мамлют ауданының спортшыларымен алаңға шығып, ойынның алғашқы минуттарынанақ өздерінің басымдықтарын байқатты. Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша спортшыларымыз мамлюттіктерді ойсырата 68:27 есебімен жеңді. Келесі кезеңде жерлестеріміз алаң иелерімен күш сынасты. Ойын басында уәлихановтықтар бар күш-жігерін салғанымен, біздің команданың мысы басып, суырылып алға шықты. Ойын қорытындысының есебі 62:23.
Бір айта кетерлігі, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша бұл команда – облыстың қола жүлде иегері. Қорытынды кездесу жамбылдықтармен болды. Бұл тартыста да мағжандық жігіттер өздерінің осы жарысқа жеңіс туын желбірете келгендіктерін тағы да бір рет танытып, 72:34 есебімен жамбылдық жігіттердің жігерін құм етті.
Жас спортшыларымыз енді жазғы “Ақ бидай” спорттық мерекесінің Тимирязев ауданында өтетін облыстық ақтық сынына қатысып, облыс чемпионы атағына таласатын болады.
Мағжан Жұмабаев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp