«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРҚАТАР ЖОЛДАРДА КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ШЕКТЕЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кешегі сағат 12.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысындағы бірқатар республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы “Қазақавтожол” РМҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Атап айтар болсақ, Ақмола облысы бойынша:

– “Екатеринбор-Алматы” а/ж 913-963 шақ., Атбасар-Жақсы аралығында;

– “Жақсы-Есіл-Бұзлұқ” 0-82 шақ.;

– “Қостанай-Әулиекөл-Сұрған” 232-260 шақ., Қостанай обл.шекарасы-Сұрған аралығында;

– “Жезқазған-Петропавл” күре жолының 552-536 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Ал Қостанай облысы бойынша сағат 12.30-дан бастап қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты “Қостанай-Әулиекөл-Сұрған” а/ж 217-232 шақ., Октябрьский ауылы-Ақмола облысымен шекара аралығында қоғамдық және жүк автокөлік түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы бойынша сағат 12.00-ден бастап профилактикалық жарылыс жұмыстарына байланысты “Өскемен-Зырян” а/ж 6-46 шақ., Ушановский ауылы-Степное аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында “Қазақавтожол” РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp