«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.04.2013

АҚЫСЫЗ ШАҒЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

“Бота” қоғамдық қорының қолдауымен “Таным” әйелдер қауымдастығы” заңды тұлғалар қоғамы аз қамтылған отбасылардың балалары үшін ақысыз шағын орталық ашты. Орталыққа 3-6 жас аралығындағы балалар аптасына 2-3 рет барып, күніне 4 сағат мектепалды даярлықтан өтеді. Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. “Бота” қоғамдық қорының қолдауымен “Таным” әйелдер қауымдастығы” заңды тұлғалар қоғамы 2013 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында “Әр бала …

АҚЫСЫЗ ШАҒЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Read More »

ӨМІР ҚЫЗЫҚ ЖАРЫҒЫМЕН, ТҮНЕКПЕН…

Бақытжан ТОБАЯҚОВ,Халықаралық Түркі поэзиясы жәнеАбай поэзиясы фестивальдарының лауреаты. Белгілі ақын Бақытжан Тобаяқов 1953 жылғы 21 сәуірде қазіргі Алматы облысында дүниеге келген. Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттерінде білім алған. Академик Ш.Шөкин атындағы Энергетика ғылыми-зерттеу институтында, мемлекеттік органдарда, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет істеген. Қазір Астанадағы “КЕGОС” Ұлттық компаниясында менеджер. Бақытжан …

ӨМІР ҚЫЗЫҚ ЖАРЫҒЫМЕН, ТҮНЕКПЕН… Read More »

“Поиск” 21-ші аттанысқа әзір

“Поиск” қоғамдық бірлестігі мүшелерінен жасақталған солтүстікқазақстандық іздеушілер тобы Ресейдің Новгород облысына дәстүрлі “Еске алу вахтасына” аттануға қызу дайындық үстінде.  Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Шайқастарда қаза тапқан белгісіз жауынгерлер мен Қызыл Армия командирлерінің сүйектерін іздеу жұмыстары үшін Новгород жері кездейсоқ таңдалып отырған жоқ – ол жерлерде қазақ даласынан майданға шақырылғандар көп. Солтүстікқазақстандық іздеушілер бұған дейін Новгород …

“Поиск” 21-ші аттанысқа әзір Read More »

ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ОНША МӘН БЕРМЕЙ, өзге өңірлерден “озып” кетіппіз

Қатерлі ісік дертінің деңгейі бойынша біздің облыс республикада “көш бастап” тұр. Оның бірнеше себептері бар, деді облыстық онкологиялық диспансерде өткен баспасөз мәслихатында аталмыш емдеу мекемесінің бас дәрігері Ермек Әбдірімов. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”.   Баспасөз мәслихаты үстіміздегі жылдың І тоқсанында жасалған скринингтік тексерістердің қорытындысына орай ұйымдастырылды. 2013 жылдың 3 айында өңірдің 19223 тұрғыны тексерістен өткен. …

ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ОНША МӘН БЕРМЕЙ, өзге өңірлерден “озып” кетіппіз Read More »

АУЫЛ ЖАНАШЫРЫНЫҢ СҰРАУЫ АРҚАУ БОЛДЫ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауын насихаттауға байланысты облыстық мәслихаттың депутаты, “Солтүстік Қазақстан” газетінің бас редакторы Кәрібай Мұсырман Шал ақын ауданындағы Жаңажол ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, жиналғандарды ұзақмерзімдік бағыт-бағдарымыздың мақсат-мүдделерімен таныстырды. Онда ол, әсіресе, ауыл еңбеккерлерін көбірек қызықтыратын шағын және орта бизнесті дамыту, …

АУЫЛ ЖАНАШЫРЫНЫҢ СҰРАУЫ АРҚАУ БОЛДЫ Read More »

ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР құрылысы тым баяу жүргізілуде

Қошан ҚАЛИ, “Солтүстік Қазақстан”. Сейсенбі күні облыс орталығының Уәлиханов және Шухов көшелерінің қиылысында салынып жатқан 90 пәтерлік тұрғын үйдің құрылыс алаңында “Нұр Отан” ХДП қалалық филиалының көшпелі мәжілісі болып өтті. Мәжілісте аталған құрылыс нысанына қатысты туындап отырған мәселелер және Набережный-Победа көшелерінің қиылысында бой көтеріп жатқан құрылыстың барысы жайлы сөз болды. Бұл тұрғын үйлердің құрылысы “Қолжетімді …

ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР құрылысы тым баяу жүргізілуде Read More »

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫМЕН КЕЗДЕСУ

Заңдардың орындалу барысын қадағалау, тұрғындарды толғандыратын мәселелерді білу және олардың сұрақтарына жауап беру, жаңа заң жобалары туралы баяндау мақсатында Парламент Мәжілісінің депутаттары өңірлерге аттанған болатын.    Гүл НҰРАЛИНА, журналист. Осы мақсатта Тайынша қаласына Парламент Мәжілісінің депутаты Анатолий Маковский келді. Халық қалаулысы алдымен аудан активімен кездесті. Кездесу барысында зейнетақы жүйесінің жаңғыртылуы, әлеуметтік мәселелер және басқа да …

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫМЕН КЕЗДЕСУ Read More »

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПАЛАТА өрісі кеңейтіліп, ықпалы күшейтілмекші

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. “Атамекен одағы” Ұлттық экономикалық палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болды. Жиынға кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдардың және мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылды. Ашық пікір алмасу түрінде өткен басқосуды “Атамекен одағы” ҰЭП-тың облыстық филиалының директоры Елена Виссарова жүргізді. Ол биылғы жылдың соңына дейін қабылдануға тиісті Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің Ұлттық экономикалық …

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПАЛАТА өрісі кеңейтіліп, ықпалы күшейтілмекші Read More »

БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ КҮН АЯСЫНДА

 12 сәуір облыс бойынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауын түсіндіру және насихаттауға арналған бірыңғай ақпараттық күн ретінде жарияланды. Бұл күні Уәлиханов ауданында да Елбасы Жолдауын түсіндіру жұмыстары өткізілді.  Бекітілген кестеге сәйкес аудандық ақпараттық-насихат тобы ауылдық округтерге шығып, тұрғындармен кездесулер өткізді. Аудандық ақпараттық-насихат тобының мүшелері 934 адам …

БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ КҮН АЯСЫНДА Read More »

ЖЕКЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

Жамал АХМЕТОВА, облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрайымы.   Бүгінгі өзгерістерге толы жағдайда көптеген елдер зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалауды жүзеге асырып жатыр. Қазақстан үшін де бұл мәселе өзекті болып табылады. 1998 жылы Қазақстан ТМД кеңістігіндегі елдердің ішінде алғашқылардың бірі болып зейнетақы жүйесін реформалауға кірісті. Таратушы зейнетақы жүйесінен жинақтаушыға ауысу реформалаудың маңызды ерекшелігі болып табылды. Бүгінгі күні …

ЖЕКЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК Read More »

ОЙЛАНАРЛЫҚ ЖАЙЛАР БАР

Бақытжан СӘМИЕВА,“Іскер әйелдер қауымдастығы” АҚтөрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты. Біздің мемлекетімізде бәрі де тұрмысты жақсарту үшін жасалатынын қайталап айтудан жалықпаймын. Барлық әйел адамдардың белсенділігі артып, оң істерге ұмтылуда. Алға басып, даму үстіндеміз. Өзімнің отандас құрбыларымды мақтаныш етемін.Қазіргі уақытта біздер, әйелдер үшін зейнеткерлік жасын көтеру мәселесі талқыланып жатыр. Шынымды айтсам, өз басым толқу үстіндемін, мүмкін, бұл әңгіменің …

ОЙЛАНАРЛЫҚ ЖАЙЛАР БАР Read More »

АУДАНДАРДА ӨТКІЗІЛГЕН ПАТРИОТТАР ФОРУМДАРЫ

Кең-байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатқан “Елімнің тағдыры – менің тағдырым!” патриоттық форумы ұлт ақыны – Мағжан елінде де жалғасын тапты. Айтулы іс-шараға аудандық мәслихаттың депутаттары, Булаево қаласы мен ауылдық округ әкімдері, ардагерлер және этномәдени ұйымдардың өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың жетекшілері мен белсенді жастар қатысты. Еркебұлан ЕЛУБАЕВ, журналист. Шара басталмас бұрын қонақтар назарына мектеп оқушыларының қолөнер …

АУДАНДАРДА ӨТКІЗІЛГЕН ПАТРИОТТАР ФОРУМДАРЫ Read More »

“МЕН ДӘРІГЕР БОЛУДЫ АРМАНДАҒАН ЕДІМ”

№3 қалалық аурухананың жақ-бет хирургиясы бөлімшесі – қала тұрғындарына құлақ-мұрын-тамақ және жақ-бет әлпет ауруларына диагностикалық-емдік көмек көрсетіп келе жатқан бірден-бір емдеу орны. Мұнда туа біткен де, жүре пайда болған кеселге, сондай-ақ жақ-бет сүйек аумағын қайта жаңарту, қалпына келтіру, т.б. күрделі ота жасалады. Бөлімшеде жоғары санатты, білікті хирургтермен қатар оқуын кеше ғана аяқтаған жас мамандар да …

“МЕН ДӘРІГЕР БОЛУДЫ АРМАНДАҒАН ЕДІМ” Read More »

“ҚУАНЫШЫМЫЗ” ҚУАНТА АЛМАДЫ

Шымкентте қыздар арасында волейболдан жоғары лиганың “Б” тобында 5-тур ойындары өтті.Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша “Алматиночка Алматы” (72 балл) командасы айқын басымдықпен жеңіске жетті. “Қазығұрт” (52 балл) пен қызылжарлық “Қуаныш и К” (47 балл) командалары тиісінше бәсекелі додада 2 және 3-орындарды еншіледі. Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз

ЖҮЛДЕГЕ ЖЕТЕ АЛМАДЫ

Рудный қаласында допты хоккейден ел біріншілігі өтті. Сайысқа 6 команда қатысты.Тартысты өткен доданың қорытындысы бойынша алаң иелері бірінші орынды жеңіп алды. ШҚО спортшылары екінші орыннан көрінсе, ал Хромтау құрамасы үшінші орынды иеленді. Жерлес хоккейшілер төртінші орында. Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз  

БАЛҒЫН ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР БӘСЕКЕСІ

Алматы мен Шымкент қалаларында волейболдан балалар лигасының көктемгі чемпионаты аяқталды.Тартысқа толы кездесулердің қорытындысы бойынша алматылықтар топ жарды. Ал солтүстікқазақстандықтар екінші орынды жеңіп алса, Шығыс Қазақстан құрамасы үшінші орынға тұрақтады. Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз  

БОЛГАРИЯДА БЕЛДЕСТІ

Болгарияның Руссо қаласында әйелдер күресінен халықаралық турнир өтті.Өңір атынан шаршы алаңға шыққан жерлес спортшы Марина Зуева 46 кг. салмақта бірінші орынды жеңіп алды. Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз  

ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА – ҮШІНШІ ОРЫН

Тараз қаласында жасөспірімдер арасында спорттық акробатикадан ел чемпионаты өтті. Оған барлығы 70 спортшы қатысты.Спорттық акробатикадан өткен сында Александр Зотов пен Анастасия Бейсембаеваның аралас жұбы жеңіс тұғырының екінші орнына көтерілді. Байрақты бәсекеде облыс құрамасы үшінші орынға тұрақтады. Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз  

ФОТОАЙЫПТАУ

Тоқтар ЗІКІРИН. Қаладан екі-ақ өзі шақырым,Мичуриннің көрсеңіз ғой қоқымын.Қала мен аудан бір-біріне итерген,Аялдамасына ит байлағысыз осы кұн. Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ. 

БАСТЫ НАЗАРДА – БОРЫШКЕРЛЕР

Облыстың Сот актілерін орындау департаменті және Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасының қызметкерлері бірлесіп мемлекет кірісіне әкімшілік айыппұлдарын өндіріп алу жөнінде акция жариялады. Акция барысында айыппұлдарын қасақана төлемеушілердің мекенжайларына апта сайын рейдтер өткізілетін болады.Автокөліктердің ең көп жиналатын аудандары болып есептелетін ірі сауда нүктелері, сондай-ақ Петропавл қаласына кіреберістерде сот орындаушылары жүргізушілердің әкімшілік айыппұлдары бойынша берешектері бар-жоғын …

БАСТЫ НАЗАРДА – БОРЫШКЕРЛЕР Read More »