«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАУЫРЖАН БАЙБЕКТІ және…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы, “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады.  

Кездесу барысында Б.Байбек “Нұр Отан” ХДП тиімділігін арттыру, партияның өңірлердегі және жастар ұйымдарымен жұмысын күшейту жөнінде партия Төрағасы берген тапсырманың іске асырылуы туралы баяндады. Сонымен қатар, партия Төрағасының бірінші орынбасары еліміздің саяси дамуындағы және “Қазақстан – 2050” Стратегиясын іске асырудағы партияның орны мен рөлін айқындауға бағытталған “Нұр Отан” ХДП доктринасын дайындау барысы туралы айтты.

 

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша қаралған мәселелер жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

…НҰРЛАН ҚАППАРОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровты қабылдады.

Н.Қаппаров министрлік жұмысының негізгі қорытындылары туралы, атап айтқанда елімізде “Жасыл экономиканы” қалыптастыру тәсілдері, “Жасыл көпір” серіктестік бағдарламасының негізгі ережелері және Астанада “ЭКСПО – 2017” халықаралық көрмесін өткізу тұжырымдамасын дайындау барысы туралы баяндады.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті министрліктің елімізде су ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша қаралған барлық мәселелер жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp