«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨЛІК ТОНАУШЫ ҚОЛҒА ТҮСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының №2 полиция бөлімінің қызметкерлері Жұмысшы кентіндегі аулаларда тұрған көліктерден бірнеше ұрлық жасағаны үшін 27 жастағы қала тұрғынын қамауға алды.
Қала тұрғындарынан түскен арыздарға сәйкес көліктер үй аулаларында тұрған жерінде тоналған. Ұрылар көлік ішіндегі автомагнитолаларды, МР3 ойнатқыштарды, ұялы телефондар мен саймандарды қолды қылған. №2 полиция бөлімінің жедел уәкілдері іздестіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде бұрын істі болған азаматқа күдік түскен. Ол жалдап алған үйден әлгі ұрланған заттар табылды. Ер адам жасаған қылмысын мойындаған. Ұрлыққа түнгі сағат 3-4 кезінде шығып отырған. Қолды болған зат-тар тәркіленіп, күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне боса-тылды.
“Бұл фактілер бойынша ешқайда жұмыс істемейтін, бұрын осы сынды қылмыс жасап сотталған 27 жастағы қала тұрғыны қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Кінәсі расталса, күдікті 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін”, – деді Петропавл ІІБ №2 полиция бөлімінің аға тергеушісі Наталья Миле-шина.
Тәртіп сақшылары қала тұрғындарына көліктерді күзетілетін тұрақтарға қою керектігін тағы бір ескертеді.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp