«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАНЫҢ МҰРНЫН БҰЗҒАН ТӘРБИЕШІ оның ата-анасына 150 мың теңге төледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда облыстық Сот актілерін орындау департаментінің жеке тұлғалардан өндіріп алу жөніндегі бөліміне балабақша тәрбиешісінен баланың денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін ата-анасының пайдасына ақша өндіріп алу туралы атқарушылық құжат түсті.
Бір жыл бұрын Петропавл қаласы балабақ-шаларының бірінде мынадай оқиға болған: орыс тілі сабағының үстінде бір бала топ ішінде тәртіп бұзғаны үшін тәрбиеші оған кітап лақтырып, сәбидің мұрнын бұзған. Баланың мұрны қанаған кезде, тәрбиеші медпунктке жүгінбей, аққан қанын сумен жуғызған. Сәби мұрны ауырғанына қарамастан, медициналық көмексіз күні бойы балабақшада болуға мәжбүр болған.
Баласын әкетуге келген ата-анасы сол күннің кешінде ауруханаға жүгінген. Дәрігердің қарауы кезінде баланың мұрны бұзылғаны анықталған.
Баланың ата-анасы тәрбиешіден 200 мың теңге көлемінде моральдық зиян өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінген. Тәрбиеші кінәсін теріске шығарған жоқ. Бірақ сома шамадан тыс екенін айтты. Соттың қаулысымен ол жауапкершілікке тартылып, зардап шеккен тарапқа 150 мың теңге төлету туралы шешім қабылданды. Ол жұмыстан шығарылып, сот шешімін де орындады. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің тәрбиешісі – келешек тұлғаның негізін қалыптастырушы. Осындайдан соң қатыгездік қайдан пайда болады деп таңырқаудың өзі қисынсыз…
Солтүстік Қазақстан облысы Сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp