«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕКЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жамал АХМЕТОВА,

облыстық кәсіподақтар

кеңесінің төрайымы.

 

Бүгінгі өзгерістерге толы жағдайда көптеген елдер зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалауды жүзеге асырып жатыр. Қазақстан үшін де бұл мәселе өзекті болып табылады.

1998 жылы Қазақстан ТМД кеңістігіндегі елдердің ішінде алғашқылардың бірі болып зейнетақы жүйесін реформалауға кірісті. Таратушы зейнетақы жүйесінен жинақтаушыға ауысу реформалаудың маңызды ерекшелігі болып табылды.

Бүгінгі күні еліміздегі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысы тиімді зейнетақы алу үшін қажетті қаржылық қорды жинай алмау қаупі бар екендігін көрсетті.

 

Бұған экономикалық белсенді тұрғындардың 5,3%на жуығын жұмыссыздар құрайтыны, әлемдік қаржылық дағдарыс, жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық бағдарламалардың тұрақты қызмет атқаруына айтарлықтай әсері және жұмыспен қамтудың тиімсіздігі ықпал етті.

Қазіргі уақытта жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру және зейнетақымен қамтамасыз етудің сәйкестілігіне қол жеткізу үшін бірқатар шаралар қажет. Солардың бірі тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесі қызметімен қамтуды кеңейту болып табылады.

Бүгінде еңбекпен қамтылған 8,5 млн. тұрғынның ішінде тек 3,7 млн. адам зейнетақы жүйесінің белсенді жинақтаушысы болып саналады, азаматтардың екі миллионнан астамы оған мүлде қатыспайды.

Кәсіподақ федерациясы өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген тұрғындарды олардың еңбегі заңнамалық деңгейде реттелуі үшін экономиканың ресми секторына шығару туралы мәселені бірнеше жыл бойы көтеріп келеді. Бұл жұмыс істеп жүрген әр азаматқа бірыңғай зейнетақы жүйесінің толыққанды қатысушысы болуға және әлеуметтік кепілдік алуға мүмкіндік береді. Кәсіподақтардың пікірінше, бейресми жұмыспен қамтуды қысқартудың негізгі бағыттары жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуына және еңбек жағдайына жайлы ахуал қалыптастыруға шоғырландырылуы тиіс.

Қазіргі таңда жұмыспен қамтылған тұрғындар құрылымында өзін-өзі еңбекпен қамтып отырғандар – 2,7 млн. адам (32%), оның ішінде қалалық тұрғындар – 859,2 мың, ауылдықтар 1,8 млн. адамды құрайды. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардың көпшілігі өздерінің әрекеттерін ауыл шаруашылығында (57,3%), сауда саласында (22,8%), көлік қызметін ұсынуда (6,3%) және құрылыста (5,7%) жүзеге асырады. Олардың көпшілігі ауылдық жерлерде өздерінің жеке шаруашылықтарында жұмыс істейді, одан түсетін кіріс те тұрақты сипатқа ие емес. Зейнетақы заңнамасын дамытудың жаңа жүйесіне сәйкес әркім өзінің жинағына жауапкершілік қалыптастыруы, заңнамамен қарастырылған ерікті зейнетақы жарналарын белсенді пайдалануы керек, оны азаматтың өзі немесе оның пайдасына үшінші тұлғалар енгізе алады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін жаңғырту ҚР Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” Жолдауын жүзеге асыруды көздейді. Оның мақсаты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қаржылық тұрақтылығына және оның деңгейін арттыруға қол жеткізу болып табылады.

Сонымен қатар зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерін табысты шешу қосымша кешенді жағдай туғызудың көмегімен мүмкін болмақ. Бұлар жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын құру, тұрғындардың кірістері саласында ұзақмерзімді мемлекеттік бағдарламалар көмегімен демографиялық даму, отбасылық саясат, өмір сүру сапасын, тұрғындардың денсаулығын арттыру мәселелерін реттеу. Осыған байланысты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуды ынталандыру мен қызығушылықты арттыру үшін әлеуметтік серіктестіктердің барлық тараптарына кәсіпорындар мен ұйымдар ұжымдарында белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жаңа экономикалық мінез-құлықты, құқықтық сауаттылық және жеке әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру қажет. Бұл зейнетақы жүйесін жетілдіруді қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды, сонымен қатар “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауына сәйкес азаматтардың әлеуметтік қауіпсіздігі мен аман-саулығын қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp