Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары облыс орталығында “Тұрмыстық маскүнемдерді бақылау” жедел-алдын алу шарасын өткізді. Оның басты мақсаты – полиция қызметкерлерінің тіркеуінде тұрған азаматтармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы заң бұзушылықтың алдын алу.
Полицейлер тұрмысы нашар отбасылар мен маскүнемдердің үйлерін аралады. Шара барысында кәмелетке толмаған балалары бар тұрмыстық жағдайы нашар отбасыларға баса назар аударылды. Мәселен, Пушкин көшесі бойындағы үйлердің бірінде санитарлық нормаларды сақтамаған үй иесі анықталды. Бұл үйде егде жастағы әйелдің қызы мен кәмелетке толмаған немересі тұрып жатыр. Көршілері үй иесін бірнеше рет мас күйде көргендерін айтып, шағым түсірген.
“Бұл үйде жарық пен жылуды сөндіріп тастағалы екі жыл. Арақ ішіп, баспаналарына қоқыс тасиды. Оның үстіне үйлері лас, жағымсыз иістен подъезге кіру мүмкін емес. Балаларға обал”, – дейді жекеменшік пәтер иелері кооперативінің төрайымы Раиса Князева.
Рейдтің екі күні ішінде тіркеуде тұрған 3000-ға тарта отбасы тексерілді. Мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан 348 адамның, сондай-ақ 2000-нан астам маскүнемнің жағдайы анықталды. 89 маскүнем тіркеуге алынды.
Жедел-алдын алу шарасы жалғасуда.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 13.11.2024
- 1 қаралым
- 13.11.2024
- 0 қаралым
- 13.11.2024
- 3 қаралым
- 13.11.2024
- 1 қаралым
- 13.11.2024
- 0 қаралым