Бақытжан СӘМИЕВА,
“Іскер әйелдер қауымдастығы” АҚ
төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты.
Біздің мемлекетімізде бәрі де тұрмысты жақсарту үшін жасалатынын қайталап айтудан жалықпаймын. Барлық әйел адамдардың белсенділігі артып, оң істерге ұмтылуда. Алға басып, даму үстіндеміз. Өзімнің отандас құрбыларымды мақтаныш етемін.
Қазіргі уақытта біздер, әйелдер үшін зейнеткерлік жасын көтеру мәселесі талқыланып жатыр. Шынымды айтсам, өз басым толқу үстіндемін, мүмкін, бұл әңгіменің де жаны бар шығар деп ойлаймын. Біздің әлі қоғам игілігіне еңбек етуге күшіміз бар, өз халқымызға пайдамызды тигізе аламыз.
Сөйте тұра өзімнің білетінім, көпшілік жұрт зейнетақыны шелпектей көреді. Иә, мен көптеген көзқарастарға келісемін. Үкіметіміздің жұртшылықтың барлық талап-тілектерін есепке аларына сенімдімін.
Егер болашаққа көз жіберер болсақ, онда бұл зейнеткерлік жасты көтеру өмірден туындап отырған қажеттілік деп ойлаймын. Әлемдік дағдарыс өршіп тұр. Жаһандық әлемде бірге өмір сүре отырып, біз одан қалыс қала алмаймыз.
Бір айтарлық жай, көпшіліктің пікірін білдіріп отырмын, егер зейнеткерлік жасын көтеруден айналып өте алмайтын болсақ, ол, меніңше, 7-8 жылдан кейін жүргізілуі тиіс. Қайта құрудың ауыртпалығын көтеріп, құлдырау жылдарының қиыншылығын көрген зейнетті демалыс алдындағы әйелдердің осы тобы мемлекетке өкпе артпауы керек. Сондықтан оның жіктелген жолы болғаны дұрыс. Көпбалалы, жалғызбасты аналар үшін әртүрлі жеңілдіктердің сақталуы туралы пікір білдірсем, ол менің жаңалық ашқаным емес. Ауыр жағдайда жұмыс істейтін әйелдер зейнеткерлікке ерте шығулары керек. Ал менің еркіме салар болса, бойда күш-қуатым барында еңбек ете бергім келеді, өзіңді қажетті және пайдалы сезінудің өзі зор бақыт емес пе?!
Ең бастысы, жерлестерім, ғалам-да татулық болсын, балалар күліп, әйелдер ана бақытына кенелсін! Сонда бәрі де жақсы болады. Ата-аналарым құлағыма құятынындай, соғыс болмасын. Ал бейбітшілік және келісім жағдайында біз бәріне қол жеткіземіз. Қазақстанымыз табыс пен ізгілік жолынан таймасын!