«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫНДАР ЫҚЫЛАСЫ ЕРЕКШЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айжан ЖҮСІПОВА,

аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры.

Елімізде Елбасының тапсырмасы бойынша 2011 жылы “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылуда. 2012 жылы осы бағдарламаны жоспарлы түрде жүзеге асыру үшін мемлекеттен 456 млн. 161 мың теңге бөлінді.  

Бағдарламаның “Тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналастыру” бірінші бағытына сәйкес өткен жылы тұрғындардың мақсатты топтарының жұмыссыздарынан 12 адам кәсіптік оқуды бітіріп шығып, барлығы жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 69 адам жіберіліп, 117 адам “Жастар тәжірибесінен” өтті. Осы мақсатқа 24 млн. 011 мың теңге қаражат бөлініп, оның әлеуметтік жұмыс орындарына 10 млн. 073 мың теңгесі және “Жастар тәжірибесіне” бағытталған 13 млн. 938 мың теңгесі игерілді. Тұрақты жұмыс орындарына 45 адам орналастырылды.

 

“Ауылды жерлердегі кәсіпкерлікті дамыту” атты екінші бағыт бойынша шағын несие беру арқылы өз істерін ұйымдастырғысы келетіндерге 46 млн. 500 мың теңге қаражат қаралып, қазіргі кезде 24 адам шағын несиеге қол жеткізді, оның 16-сы – өз істерін ашуға және 8-і – бастаған істерін ұлғайту үшін. Кәсіпкерлік негізін оқу курсынан 31 адам өтті.

“Экономикалық белсенділік орталықтарында көшіру және жұмысқа орналастыру үшін еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру” бағытын жүзеге асыруға 448 млн. 100 мың теңге қаражат бөлінген.

“Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құрылған ведомствоаралық комиссияның шешімімен ауданның экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерінің алдын ала тізбесі анықталған.

50 үйдің құрылысына жалпы 315 млн. теңге қаражат бөлініп, жыл соңына дейін аталмыш елді мекендердің бағдарламаға қатысушылары 24 үйге қоныстандырылды. 90 адамның 50-і жұмысқа жарамды. Оның 12-сі тұрақты жұмыстарға орналастырылды.

60 пәтерлі үйді қайта жөндеу жұмыстарына 242 млн. 770 мың теңге бөлініп, қазіргі уақытта оның 75 млн. теңгесі игерілді.

“Ауылдық елді мекендерді дамыту” бағыты негізінде осы мақсатқа 40 млн. 341 мың теңге қаражат бөлінді. Осы бағыт арқылы елді мекендерде қосымша 20 жұмыс орындары ашылып, жазғы уақытта Арықбалық, Новосветловка, Гусаковка мектептерін және Арықбалық Мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына жұмылдырылды.

Тұрғындардың бағдарламаға деген ықыласы ерекше. Қазіргі күннің өзінде аудандық жұмыспен қамту орталығына аудан тұрғындарынан бағдарламаға қатысу үшін өтініштер көптеп түсуде.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp