«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ФИНЛЯНДИЯ ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездесуі өтті.  

Жүздесу барысында ҚР Президенті: “Бұл – Сіздің біздің елімізге алғашқы мемлекеттік сапарыңыз”, – деп атап өтті. Өз кезегінде Финляндия Президенті екі елдің арасында тарихи ортақтастық бар екендігіне баса тоқталды. “Кеше ҚР Сыртқы істер министрі бізді, тіпті, көрші деуге болатындығын, елдеріміз арасында тек бір ғана шетелдік мемлекет бар екендігін еске салған еді”, – деді С. Ниинистё.

Елбасының атап өтуінше, Қазақстан Финляндияны Еуропадағы ең маңызды сауда-экономикалық әріптестерінің бірі деп санайды. Әрі екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін барынша пайдалануға ниетті. Мұндай кездесулер фин бизнесінің Қазақстан нарығындағы қызметін кеңейтуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта елімізде фин капиталы салынған 70-тен астам компания жұмыс істеуде. Олар еліміздің түрлі салаларын қамтыған.

 

Өз кезегінде Астанадағы жылы қабылдауы үшін Қазақстан Президентіне зор алғысын жеткізген Финляндия басшысы осындай жоғары деңгейдегі кездесулердің одан әрі жалғасатындығына сенім білдірді.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, 2010 жылдан бері Финляндияның Қазақстандағы елшілігі жұмыс істесе, өткен жылы қазақ елінің елшілігі Хельсинкиде ашылды. Бұл екі елдің әріптестік қарым-қатынасты тереңдетуге ұмтылысын кезекті мәрте қуаттай түседі.

“Қаржы дағдарысының жағымсыз салдарына қарамастан, біздің сауда-экономикалық істеріміз де қарқын алып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда айналымы 800 млн. АҚШ долларына жетті. Бұл Қазақстанның Солтүстік Еуропаның басқа елдерімен тауар айналымы жиынтығынан 70 пайызға артық”, – деді ҚР Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев фин бизнесмендерін ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өңдеудің бірлескен тауарлық өндірісін құруға шақырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp