«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІЗДЕУ САЛАМЫЗ!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған 60-тан астам азаматқа іздеу салды. Олардың арасында Петропавл қаласындағы колледж студенті мен 9 зейнет жасындағы адам бар.
Осыдан екі апта бұрын Жамбыл ауданындағы Пресновка ауылының 72 жастағы тұрғыны Жұматай Қасенов белгісіз бағытта шығып кетіп, осы күнге дейін үйіне оралмаған. Зейнеткердің 23 наурыз күні аудан орталығынан Рождественка ауылына жеткені белгілі болды. Соңғы рет оны Архангелка ауылының маңындағы тас жол бойында көрген. Қазір қарияның қайда екені белгісіз.
Ерекше белгілері: оң жақ бетінде тыртығы бар. Басында қара түсті малақай, үстінде қара түсті былғары куртка, қара қысқы аяқкиім мен қара шалбар киген. Егерде кімде-кім аталған азаматты танып, не көріп, қайда екенін білетін болса, мына телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7152) 39-41-79 немесе 102, Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің телефондары: 8 (71544) 2-14-91, 8 (7152) 50-04-07 немесе 8 (71544) 2-14-35.
* * *
Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының №2 полиция бөліміне 17 жастағы студент қыздың жоғалғандығы туралы ақпарат түсті. Ата-анасының айтуынша, бойжеткен сабаққа соңғы рет 27 наурызда барған. Тұрып жатқан жатақханасына келмей, телефон қоңырауларына жауап бермеген. Содан бері бірнеше апта уақыт өтіп, ата-аналары қызын өз күштерімен таба алмаған соң тәртіп сақшыларына хабарлаған.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp