«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

2013 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-НАУРЫЗДАҒЫ ОБЛЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ және…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 3%-ға, ауыл шаруашылығы – 3,4%-ға, бөлшек сауда 21,8%-ға өсті.

2013 жылғы қаңтар-наурызда облыстың өндірістік кәсіпорындарында (шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығын қоса есептегенде) қолданыстағы бағамен 33,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында 68,6% алатын өңдеу өнеркәсібінде 22,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді немесе 2012 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 13%-ға артық болды.

2012 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда, азық-түлік өндірісінің өсімі 8,3%-ға өсті. Өңделген сұйық сүт және кілегей өндіру – 65,9%-ға, ет және азықтық ет өнімдері – 62,9%-ға, үй құсының еті 45,1%-ға, жаңа піскен нан өндірісі 4,1%-ға артқан.

 

Металлургиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру – 2,8 есеге, жиһаз – 2,2 есеге, резеңке және пластмасса бұйымдар – 1,9 есеге, химиялық өнімдер өндірісі 2,3 есеге артқан. Асүй жиһаздарын өндіру 5,3 есеге, тауарлық бетон – 2,4 есеге, ерлердің жұмыс киімі – 2,6 есеге, лактар мен бояулар – 35,9%-ға, мұнай өндіру жабдықтарын өндіру 34,7%-ға өсті.

2013 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 11,4 млрд. теңгені құрады. Мал мен құстың барлық түрлерінің тірідей салмақта союға 18,5 мың тоннасы өткізілген (3,2%-ға артық), 49,2 мың тонна сиыр сүті сауылған (0,4%-ға), 85,1 млн. дана (15,2%-ға) тауық жұмыртқалары алынған.

Барлық меншік түрінің құрылыс-монтаждық ұйымдарының өз күшімен 1,2 млрд. теңгенің мердігерлік жұмыстары орындалды (2012 жылғы қаңтар-наурыздағыдан 1,7 есе артық). 2013 жылғы қаңтар-наурызда жаңа 51 ғимараттың құрылысы аяқталды, олардан 47-сі – тұрғын, 4-еуі тұрғын емес мақсаттағы.

2013 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9,9 млрд. теңгені құрады (2012 жылғы қаңтар-наурыздағыдан 9,8%-ға артық). Негізгі капиталға инвестиция көзінің 83,3%-ы шаруашылық субъектілерінің өзіндік қаражаты болып табылады, қарыз қаражатына – 5,2%, бюджеттік қаражатқа – 11,5% келеді. Негізгі капиталға инвестиция салу бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы (жалпы инвестиция көлемінің 62,6%-ы), өнеркәсіп (13%), көлік және қоймалау (8%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (4,5%) басымдық танытты.

Тұрғын үй құрылысына 423,6 млн. теңге жұмсалды (2012 жылғы қаңтар-наурыздағыдан 1,9 есе артық). Облыс аумағында тұрғындар және кәсіпорындар жалпы көлемі 5818 шаршы метр тұрғын үй салды (2012 жылғы қаңтар-наурыздағыдан 149,8% артық).

2013 жылғы қаңтар-наурыздағы тасымалдаушылардың барлық санаттары 10,5 млн. тонна жүк (2012 жылғы қаңтар-наурыздағыдан 1,1%-ға артық) және 113,3 млн. жолаушы тасымалдады (0,6%-ға артық).

2013 жылғы қаңтар-наурыздағы бөлшек сауда көлемі 20,6 млрд. теңгені құрап, 2012 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 21,8%-ға өсті, көтерме сауда – 61,7 млрд. теңгені құрады (23,9%-ға). Талданып отырған кезеңде қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 440,6 млн. теңгені (5,6% артық) құрады.

… ӘЛЕУМЕТТІК

ДАМУЫНЫҢ

ҚЫСҚАША

ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2013 жылғы қаңтар-ақпанда бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы 68 346 теңгені құрады.

2013 жылғы 1 наурызға облыс халқының саны 579,3 мың адамды құрады, соның ішінде 239,6 мың адам (41,4%) – қалалық жерде, 339,7 мың адам (58,6%) ауылдық жерде тұрады. Облыс аумағында Қазақстан Республикасы халқының 3,4%-ы тұрады.

2013 жылғы қаңтар-ақпанда жаңа туған 1368 сәби тіркеліп, өткен жылғы сәйкес кезеңнен 0,8%-ға кем болды, 1288 шетінеу (4,2%-ға кем), 520 некелесу, 327 ажырасу тіркелді.

2013 жылғы қаңтар-ақпанда бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 2012 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 6,8%-ға өсіп, 68346 теңгені құрады, соның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда – 6,1%-ға және 67 411 теңгеге сәйкесінше. Нақты жалақы сәйкесінше 0,5% және 1,1%-ға кеміді. Нарықтық валюта айырбастау бағамы бойынша орташа айлық жалақы 2013 жылғы қаңтар-ақпанда 453,8 АҚШ долларын немесе 341,7 еуроны құрады.

Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы жұмыскерлердің жалақысы 2013 жылғы қаңтар-ақпанда 2012 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда – 13,7%-ға, өнеркәсіпте – 18,5%-ға, құрылыста – 24,1%-ға, көлік және қоймалауда – 9,1%-ға, ақпарат және байланыста 21,2%-ға өсті.

Өнеркәсіпте жалақы 65 904 теңгені құрады, құрылыста – 66 148 теңге, саудада – 62 559 теңге, көлік және қоймалауда – 99 074 теңге.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтар саны 2013 жылғы наурыз айының соңына 1666 адамды құрады. Экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,5% құрады. 2013 жылы қаңтар-наурызда 2074 адам еңбекпен қамтылды, бұл өтініш білдіргендердің 84,4%-ы.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылғы наурызда 15 482 теңгені құрады және өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4%-ға өсті. Азық-түлік қоржынының құны 9 290 теңгені құрады.

Тұтыну бағаларының индексі 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,4%-ды құрады. Бағалар азық-түлік тауарларына – 1,1%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 0,7%-ға, ақылы қызметтерге 2,4%-ға өсті.

2013 жылғы наурызда бағалардың картопқа – 2,8%-ға, балық және теңіз өнімдеріне – 1,6%-ға, құс етіне – 1,4%-ға, шайға – 1,2%-ға, ұнға, макарон өнімдеріне – 1%-ға, көкөніс-жемістерге – 0,5%-ға, сүт өнімдеріне 0,1%-ға көтерілгені байқалған.

Бағалар жуу және тазалау құралдарына, фармацевтикалық өнімдерге 0,1%-ға өсті, киім және аяқкиімге – 0,3%-ға, үй тұрмысына қажетті заттарға, тұрмыстық приборларға 0,6%-ға.

Баға деңгейі амбулаторлық қызметтерге 0,9%-ға өсті, мектепке дейінгі және бастапқы білім беру қызметтеріне – 2,3%-ға.

Байланыс қызметтері – 6,5%-ға арзандады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp