«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ КҮН АЯСЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 12 сәуір облыс бойынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауын түсіндіру және насихаттауға арналған бірыңғай ақпараттық күн ретінде жарияланды. Бұл күні Уәлиханов ауданында да Елбасы Жолдауын түсіндіру жұмыстары өткізілді. 

Бекітілген кестеге сәйкес аудандық ақпараттық-насихат тобы ауылдық округтерге шығып, тұрғындармен кездесулер өткізді.
Аудандық ақпараттық-насихат тобының мүшелері 934 адам қатысқан 19 кездесу ұйымдастырды. Ауыл тұрғындарының қатысуымен 26 кездесу өткізіліп, оларға 1820 адам келді. Бұл шара барысында 2754 адам қамтылды.
Сонымен қатар осы күні ауданға облыстық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Ережеп Жанатаев келіп, “Қызылту-Нан” АФ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ұжымымен кездесті. Оған 42 адам қатысты.
Өткізілген кездесулер барысында аудан тұрғындарынан зейнетақы жүйесінің одан әрі дамуы мәселелеріне байланысты сұрақтар түсті. Олар басқа елдердегі зейнеткерлік жас деңгейі, жинақталған зейнетақы бойынша зейнеткерлікке шыққан адамға ол 63 жасқа толғаннан кейін қосымша ақы төлене ме, бала күтімімен отырған әйелдерге зейнетақыға ақша қалай бөлінеді, бұл заңнаманы қабылдау жастар арасында жұмыссыздықтың өсуіне әкелмей ме, зейнетақыға шыққанға дейін адам қайтыс болса, жинақталған зейнетақыға мұрагерлік кепілдік сақтала ма деген сияқты сұрақтар қойды. Тұрғындардың сауалдары бойынша толық түсінік берілді.
Уәлиханов ауданының ішкі саясат бөлімі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp