«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫМЕН КЕЗДЕСУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Заңдардың орындалу барысын қадағалау, тұрғындарды толғандыратын мәселелерді білу және олардың сұрақтарына жауап беру, жаңа заң жобалары туралы баяндау мақсатында Парламент Мәжілісінің депутаттары өңірлерге аттанған болатын. 

 

Гүл НҰРАЛИНА,

журналист.

Осы мақсатта Тайынша қаласына Парламент Мәжілісінің депутаты Анатолий Маковский келді. Халық қалаулысы алдымен аудан активімен кездесті. Кездесу барысында зейнетақы жүйесінің жаңғыртылуы, әлеуметтік мәселелер және басқа да ауданымызға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сауалдарға жауап қайтарған Анатолий Павлович: “Кездесудің басты мақсаты – зейнетақы жүйесінің жаңғыртылуына қатысты туындаған сұрақтардың күрмеуін шешу. Бұл мәселе – бүгінде Парламент Мәжілісі жұмысындағы басым бағыттардың бірі. Өңірлерді аралап, тұрғындармен кездесу, ой-пікірлерін тыңдау әлеуметке тікелей қатысты заң шығаруымызға ықпал етеді”, – деді.  

Осы кездесуге қатысқан облыс бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Жанахмет Тасшығұловтың айтуынша, қазір қызу талқыланып жатқан мәселелердің бірі – зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң жобасы. Қорлардағы қаржыны мемлекеттік қорға жинақтайтын зейнетақы жүйесін жаңғырту жайына тоқталған Ж.Тасшығұлов: “Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң жобасы толық төлемді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ел экономикасын көтеру, ел азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатын көздейді және азаматтардың зейнетке шыққан соң жақсы әрі жайлы өмір сүруіне бағытталған”, – деді. Сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына ұсынылып, бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасында қарастырылып отырған Бірыңғай зейнетақы қорын құрудың бұрынғы қордан айырмашылығы мен алға қойған міндеттері жайлы айтып, өз ойын қорытындылады.

Жиында қойылған сұрақтар зейнетақы жүйесінің жаңғыртылуы төңірегінде болып, Мәжіліс депутаты оларға толық та байыпты жауап берді. Ол жиын барысында көтерілген мәселелердің барлығы назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

Аталмыш кездесуден кейін халық қалаулысы Тайынша аудандық “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясы филиалының кеңсесінде азаматтарды қабылдады. Мәжіліс депутаты қабылдауға келген азаматтарды мұқият тыңдап, түскен өтініштердің қараусыз қалмайтынына сендірді.

Тайынша ауданы.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp