ЖЕҢІП ТҰРЫП, ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ
Қазақстанның бірінші лигасының 4-туры өтті. “Қызыл-Жар СҚ” командасы өз алаңында Ақтау қаласының “Каспий” клубын қабылдады. Турнир кестесінде қызылжарлық құрама 2-ші орынға жайғасты. Ал ақтаулық команда әзірге 13-ші орында. Тартысты өткен ойынды облыс әкімі Самат Ескендіров жанкүйерлермен бірге тамашалады. Аманжол НҰРТАЗИН,журналист. Ойын басталысымен қызылжарлықтар ақтаулық команданың қақпасына доп соғуға әрекеттенді. Алайда, барлық қауіпті шабуылдар сәтсіз болды. …