«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“БИ-ЛОГИСТИКС”АҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ҰСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаменттің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Г. есімді азаматтан 1000 АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікпен “Би-Логистикс” АҚ-ның СҚО бойынша филиалының директорын ұстады. Күдікті бұл тұлғаны автокөлік түріндегі арнайы техниканың тұтқындалған мүлкін сату жөнінен лоттар бойынша аукцион жеңімпазы деп тану, сондай-ақ, оның аталмыш мүлікті еш кедергісіз және жылдам алуын қамтамасыз ету мақсатында пара алмақ болған.
Дәл осы күні аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бұлтартпау шараларын таңдау мәселесі шешілуде.
Облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp