Облысымызда талай жылдар бойы жастардың терең білім алуына атсалысып жүрген ұстаздар аз емес. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Күләш Рахметова солардың қатарынан. Ол әріптестерінің арасында үнемі алда бола білді.
Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.
Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі та-быстары үшін Ыбырай Алтын-сарин атындағы медальмен марапатталған Күләш Жетпіс-байқызы 25 жыл бойы Әбу Дос-мұхамбетов атындағы дарын-ды балаларға маманданды-рылған гимназия-интернатта қызмет етті. Осы аралықта білікті ұстаздың талай шәкірт-тері білім көшінің басында бо-лып, мектептің абыройын арт-тырды. Мәселен, өңірдің атын республикаға танымал еткен жерлес актриса, Оралхан Бө-кей атындағы сыйлықтың лау-реаты, 2005-2006 жылдары театрлар арасында өткен кон-курстың бас жүлдесінің иегері Күнсұлу Шаяхметова, Щучье қаласындағы әскери универ-ситет оқытушысы Бауыржан Тілеужанов, ҚР ІІМ бөлім мең-герушісі Құрмет Есенбаев, Қазақстан мен Италияның бір-лескен агроөнеркәсіп фирма-сының бас маманы Асылтай Жүкенов, Астана қаласы бай-ланыс басқармасының бөлім басшысы Самал Шаймердено-ва, әскери қызметкер Жайық Жұсыпов, Абай атындағы опе-ра және балет театрының акт-рисасы Әйгерім Сәменова, түр-лі оқу орындарында білім алып жүрген Әсемгүл Қапарова, Азамат Молдахметов, Айша Жүкенова, Таңшолпан Сомки-на және өзге де шәкірттері ұстаз абыройын асқақтатуда. Бүгінде ұлағатты ұстаз облыс орта-лығындағы №18 мектеп-лицей-де қазақ тілі мен әдебиеті пән-дерінен сабақ береді. Мұнда да оқушылардың ғылыми жұмыс-тарға ден қоюына атсалысып жүр. Мәселен, осы мектептің 11-сынып оқушысы Гүлден Бей-сенбаева ғылыми жұмысымен халықаралық додада жүлделі орын алып, беделді жоғары оқу орнына Бірыңғай ұлттық тесті-леусіз түсетін болды.
Тәжірибелі мұғалім 1999 жы-лы білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін “ҚР білім бе-ру ісінің үздігі” белгісімен мара-патталған, түрлі облыстық, рес-публикалық байқаулардың жүл-дегері, білім беру саласына қа-тысты бірнеше ғылыми-тәжіри-белік конференцияларға қатыс-қан, әрі республикалық газет-журналдардың тұрақты авторы.
Күләш апайдың әр сабағы ерекше тәсілмен өткізіледі. Ол кісі оқулықтағы материалдарға қосымша әдебиеттерді молы-нан пайдаланады. Шәкірт-теріне өте талапшыл. Үй тап-сырмасын сұрағанда, өткен та-қырыпты оқушылардың қаншалықты игергендігін білу үшін бәрімізді орнымыздан тұрғы-зып, оқушылардың жауаптары бірін-бірі үнемі толықтырып отыруы қажеттігін жиі-жиі айтатын. Сөйтіп, біздің санамызды барынша мол білуге шабыт-тандырып, білім дегеннің түпсіз терең әлем екендігін ұғынды-руға ниеттенді. Ол кісі оқушы-ның рухани жағынан үздіксіз ке-мелденуіне көп көңіл бөледі. Сол себепті балаларға қосым-ша әдебиеттерді көп оқытуға тырысады. Түрлі олимпиада-ларда шәкірттерінің білімін сы-нап, осылайша олардың жан-жақты болуына күш салады. Бұл еңбектің барлығы оқушы-лардың бойында адами асыл қасиеттерді қалыптастыруға, іргетасы берік білім алула-рына, Отанының нағыз пат-риоттары болып өсулеріне мол мүмкіншілік жасайды.
Бүгінде Күләш апай №18 мектеп-лицейдегі ең тәжірибе-лі мұғалімдерінің бірі санала-ды. Өз әріптестері арасында әрқашан еңбекқорлығымен, жа-ңашылдығымен, жанашырлы-ғымен ерекшеленіп тұратын ұс-таздың ұжымдағы орны бөлек.